• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:55:56
Алматы
+35°

Қазақстанда бекіре тұқымдас балықтар үшін генетикалық паспорттар жасақталып жатыр. Бұндай жұмыстар бірнеше жыл жүргізілуде. Негізгі мақсаты: бекіре тұқымдастардың миграциялық жолдарын зерттеу, сондай-ақ, табиғи және жасанды популяция деңгейін анықтау.

atyrau
- Әрбір ұсталған тұқым беруші балыққа және жас балыққа мамандар генетикалық паспорт жасайды. Соның арқасында кейінірек, балықтың қайдан келгенін, «ата-анасы» кім екенін, қай зауыттан шыққанын немесе табиғи жолмен пайда болғанын анықтай аламыз. Сөйтіп, әрбір елдің, әрбір зауыттың бекіре тұқымдастарды қалпына келтіру үдерісіне қосқан үлесі де белгілі болады,-дейді «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің Атырау филиалының директоры Ерболат Қадимов.atyrau
​Е.Қадимовтың айтуынша, шабақтардың өміршеңдігі туралы нақты ақпараттың болмауы – бекіре зауыттары бар Каспий маңы мемлекеттері үшін ортақ проблема. Қазір сыналып жатқан гендік – молекулярлық талдау әдістемесі болашақта жасанды және табиғи популяция арасындағы айырмашылықты ажыратып алуға мүмкіндік береді.
​Жергілікті екі бекіре зауыты 20 жылда бекіре, қортпа, щоқыр сияқты балықтардың жүз миллионнан астам шабағын теңізге жіберген екен. Егер, қортпа 17-18 жаста жыныстық тұрғыдан ересек балыққа айналатынын ескерсек, кезіндегі шабақтардың қазір уылдырық шашуға шығуы әбден мүмкін.atyrau

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Каспий Атырау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір