• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:07:26
Алматы
+35°

Германиядан келген байқаушы Борн Вольф Рутхарт Карл осындай пікір білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының аса маңызды мүшесі болып табылады. Қазақстан билігі елдегі президент сайлауын бақылауға ЕҚЫҰ адам құқықтарын қорғау бойынша бөлімінің мамандары шақырылды. Бұл да Қазақстанның сайлауды әділ өткізуге мүдделі екендігін білдірсе керек. ЕҚЫҰ өкілдері үлкен мониторинг жүргізді.  Бұл бойынша нақты ұсыныстар берілетін болады. Бірақ, біз өзіміз электоральды заң талаптарының бұзылу деректерін байқамадық. Барлық сайлау процесі нормалар мен стандарттарға сай болды", - деді Борн Вольф.

Ал Бундестаг экс-депутаты, Алматы облысының тумасы Хайрих Цертик әлі де сайлаушылардың электоралды тәртіп туралы білімін арттыру керектігін ескертті.

"Мен Бундестаг депутаты болғанмын. Екінші рет Президент сайлауын байқауға мүмкіндік туды. Мен өз білімімді Қазақстанда пайдаланып жатқаныма қу-аныштымын. Біз өз миссиямызды атқардық. Ешқандай  заңбұзушылық байқамадық. Әр учаскеде бізден басқа 8-10 байқаушы қатысты. Бірақ, бір учаскеде әйел келіп, Мәскеудегі қызының қалай дауыс бере алатынын сұрады. Әрине, сайлау болатын күні бұл мүмкін емес. Оған алдын ала тіркелу керек еді. Осы жағынан дауыс берушілердің білімін көтеру керек деген ойдамын", - деді  Хайрих Цертик.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір