• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 21:08:49
Алматы
+35°

10 Маусым, 2019 Саясат

Тоқаев Exit poll нәтижесінен кейін алғашқы мәлімдемесін жасады

Бүкіл әлемдегі сияқты біздің елімізде де жағдайдың өзгергенін көріп отырсыздар. Әлемдік қауымдастықтың бір бөлшегі болғандықтан Қазақстанға жаһандық оқиғалардың да ықпалы болары сөзсіз.

Қасым-Жомарт Тоқаев Exit Poll нәтижелері жарияланғаннан кейін алғашқы мәлімдемесін жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы мәлімет «Nur Otan» партиясының ресми сайтында жарияланды.

Сауалнама нәтижесінде Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,13 пайыз даусын жинады. Халықтың сайлауға келу көрсеткіші 77,4 пайызды құрап, 9 миллионнан астам қазақстандық өз таңдауын жасады.

Алдын ала мәліметтер жарияланғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне сенім білдірген барша отандастарына алғысын білдірді.

"Сайлауалды науқан өркениетті әрі жүйелі түрде жүргізілді. Шын мәнінде бұл науқан бағдарламалардың бәсекесі болды. Халық бізге сенім артып, өз таңдауын жасады. Сондықтан алдымызда ауқымды жұмыстар күтіп тұр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол үгіт-насихат кезеңіне қатысқан республикалық қоғамдық штабтың мүшелеріне, барлық белсенді азаматтарға және партия жақтастарына атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, электоралды науқанның ауқымы мен технологиялық мүмкіндігін атап өтті.

"Бүкіл әлемдегі сияқты біздің елімізде де жағдайдың өзгергенін көріп отырсыздар. Әлемдік қауымдастықтың бір бөлшегі болғандықтан Қазақстанға жаһандық оқиғалардың да ықпалы болары сөзсіз. Сондықтан біз еліміздің жарқын болашағы үшін жұдырықтай жұмылуымыз керек", – деді Қ.Тоқаев.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір