• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:26:28
Алматы
+35°

07 Маусым, 2019 Дәстүр

Ринат Заитов: "Айтыс биліктің ойын-сауық отауына айналды" (видео)

Оның айтуынша, қазір ақындар биліктен қорыққандықтан, билік айтысты керек қылмайды.

Айтыскер ақын Ринат Заитов Youtube желісіндегі "Жұлдыздар не дейді?" бағдарламасына сұхбат берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сұхбат барысында Ринат Заитов биліктің айтысқа деген көзқарасына тоқталды. Оның айтуынша, қазір ақындар биліктен қорыққандықтан, билік айтысты керек қылмайды.

"Қазір ақындар биліктен қорқады. Сондықтан билік айтысты керек қылмай жүр. Билікке айтыс билік айтыстан қорыққан кезде қажет болады. Сол кезде олар назар аударады. Ал қазіргі біздің айтыстың жағдайы билікті қорқытатын деңгейде емес. Ешкім ақындарға "былай айтыңдар, олай айтыңдар" деп айтпауы мүмкін, бірақ "былай айтпаңдар, олай айтпаңдар" деген нұсқау болады. Ақындар соның жетегінде кеткендіктен, қазір айтыс биліктің ойын-сауық отауына айналды. Халықтың өзі айтыстан жалыға бастаған болса, ол ақындардың кінәсі", - деді Заитов.

Сонымен қатар Ринат Заитов айтыстың телеарналардан дұрыс берілмейтіне қапалы екенін де айтты. 

Видео Ринат Заитовтың Youtube арнасынан алынды

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір