• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:11:08
Алматы
+35°

Психологиялық тесттің шарты бойынша төмендегі суреттегі 6 алманың бірін таңдап, алдағы уақытта өміріңізде қандай жақсы жаңалық болатынын біліңіз.

Көп ойланудың қажеті жоқ, ең бірінші көзіңізге түскен алма сізді күтіп тұрған жақсылықтың жаршысы болмақ. 

Психологиялық тест

 

Бұл тек болжам ғана. Барлығы бір Алланың қолында екенін ұмытпағайсыз!

1-алма. Бірінші алманы таңдасаңыз, алдағы уақытта қолыңызға жаңа пәтердің кілті тиеді не болмаса тұрғылықты жеріңізді ауыстыруыңыз мүмкін. Сонымен қатар жаңашылдыққа құлшынысыңыз артады. Егер ұзақ уақыттан бері ойыңызда жүрген идеяңыз болса, жүзеге асыруға асығыңыз. Бәлкім сіз армандаған пәтердің кілтіне сол идеяңыздың арқасында қол жеткізетін боларсыз. Барлығы еңбекпен келеді. 

2-алма. Ерекше белсенділігіңіз артып, қоғамдық жұмыстарға араласуыңыз ғажап емес. Сізді көптеген сәттіліктер күтіп тұр. Осы күнге дейін ойлауға қорқып жүрген арманыңызға қол жеткізесіз. Сіз қиындыққа мойынсұнбайтын, жігерлі жансыз. Сол себепті алдағы уақытта жаныңызға тек сәттілік серік болмақ. Көп уайымдамаңыз, алда тек қуанышқа толы күндер күтіп тұр. 

3-алма. Көп ұзамай жұмысыңызда дәрежеңіз өсіп, жалақыңыз көбеюі мүмкін. Сіз осы уақытқа дейін көп еңбек етіңіз. Енді еңбегіңіздің жемісін жейтін кез келді. Бірақ арқаңызды кеңге салып кетпеңіз. Есіңізде болсын дәрежеңіз өссе, демек жұмысыңыз да екі еселенеді деген сөз. Өзгелерге үлгі боласыз, ісіңіз алға басады. Немесе жеке кәсіп бастап кетуіңіз ғажап емес. 

4-алма. Алдағы уақытта үлкен қуаныш күтіп тұр. Жалпы бұл шексіз махаббаттың белгісі. Шаңырағыңызда үлкен той болады. Не өзіңіз үйленесіз немесе тұрмысқа шығасыз. Егер сіз ол жастан өтіп кеткен болсаңыз келін алып, қыз ұзатуыңыз мүмкін. Бәлкім жақын туыстарыңыздың, достарыңыздың шаңырағында осындай қуаныш күтіп тұр. Есіңізде сақтаңыз, сіз сол тойда ең маңызды адам боласыз.

5-алма. Үлкен ұтысқа ие боласыз. Өте бағалы зат ұтып алуыңыз мүмкін. Сол затпен шаңырағыңызға береке кіреді. Сонымен қатар көптен мазалап жүрген мәселенің күрмеуін шешесіз. Егер туыстарыңыздың арасында немесе жақындарыңыздың ішінде бұрыннан ауырып жүрген адам болса, ауруынан жазылады. Сіз барлығына керексіз, сондықтан барлығына шыдамдылық танытып, сабырлық сақтаңыз.

6-алма. Дәл осы алманы таңдасаңыз, құттықтаймыз! Көп ұзамай үйіңізден сәбидің шат күлкісі естіледі. Өмірге сәби келуі мүмкін. Балалы немесе немерелі боласыз. Жалпы 6-алма отбасылық бақытты білдіреді. Отбасыңыздағы әрбір адам бақытты, ғұмырлары ұзақ болмақ.

Оқи отырыңыз: 

♦ Суреттегі өрнекті таңдаңыз: Сіздің шынайы бет-бейнеңіз қандай? (тест)                                                                             

 

Marzhan Sabet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір