• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:57:32
Алматы
+35°

07 Маусым, 2019 Әлеумет

Пәтер алғыңыз келсе... Бір шаршы метр құны қанша тұрады?

Пәтер құны тұрақтамай тұр: тағы да пайыздық өсу байқалады.

Мамыр айында еліміздегі тұрғын үй бағасы өсті деген ақпарат бар. Баға динамикасының 2 пайыздан жоғары көрсеткіші тек Талдықорған қаласында тіркелген. Бұл шаһардағы баға индексі 178 025 теңгені (+2,1) құрады.

Қаңтар айынан бері төмендеп кеткен баға көлемі енді ғана қалпына келіп отыр. Биыл өңірлер арасында да шаршы метр үшін төленетін пұлдың құны жарысқа түскендей.

Осы уақытқа дейінгі межемен салыстырсақ, Павлодар қаласы тұрғын жайдың шаршы метрі үшін 179 250 теңгені құрады. 1,7 пайызға өскен бұл шаһардағы аталмыш көрсеткіш "рекордтық" деп аталды. Баға динамикасы бұл аймақта ауыз толтырып айтуға келіңкіремейді. Дегенмен, екі жыл бойы сақталып келе жатқан тұрақтылық бар.

Ал Тараз қаласында пәтерлердің шаршы метрі 157 600 теңгеге бағаланып, бұл көрсеткіші 1,5 пайызға дейінгі өсу байқалған. Ал Елордада сатушылар тұрғын жайдың шаршы метрін орта есеппен 330 950 теңгеге бағалаған. Бұл баға көрсеткіші алдыңғы аймен салыстырғанда 1,4 пайызға қымбат. Бас қаладағы баға динамикасы жиі ауысып тұрады. Бұл қаладағы инфраструктураның қарқынды дамуымен байланысты. Дегенмен, ірі өзгерістер жоқ. Бес айдағы орташа есеп , орташа көрсеткіш 330 103 теңгеге тең. 1,4 пайыздық өсім көрсеткіші Өскемен қаласында да тіркелген.

Баға көлемінің ең төменгі межелердің бірі Семей қаласында тіркелген. Мамыр айындағы өсім көлемі 1,1 пайызға тең болса, тұрғын жайдың бір шаршы метрі 169 950 теңгені құрайды.

Шымкенттегі өсім көлемі – 0,8 пайыз. Ал пәтердің шаршы метріне 229 575 теңге төлеу шарт. Ал Көкшетауда аймақтық рекорд өзгерді. Пайыздық көрсеткіші – 0,8 пайыз. Рекордты көрсеткішке баланған баға – 198 475 теңге.

Ақтау және Қызылорда қалаларында баға динамикалары 0,7 және 0,5 пайызды құрайды. Бұл ақшаға шаққанда 199 675 және 136 375 теңгеге тең болады. Аталған аймақтардағы бағаны тұрақтылығы көрініп тұр. Ал Ақтөбе және Орал қалаларында жағдай мүлде өзгермеген десек болады. Баға индексі – 0,3 және 0,6 пайыз. Пайыздық көрсеткіштер қаражатқа айналғанда, пәтер жайдың шаршы метрінің құны 148 225 және 184 900 теңгені құрайды.

Атырау қаласының баға индексі мамыр айында жыл басындағы межесіне қайта келді. Бұл аймақтағы пәтерлердің шаршы метрі 258 525 теңге тұрады. Ал Қарағандыда 0,7 пайызға дейінгі өсім бар. Қазір еліміздің орталық қаласында тұрғын жайдың бір шаршы метрі 204 350 теңгеге бағаланып отыр.

Баға индексінің өсуі мен төмендеуі аймақтардағы тұрғын жайлардың салынуына, инфраструктураның даму қарқыны артуына байланысты. Алматы қаласындағы баға индексі сәуір айына қарағанда 0,5 пайызға төмендеп, тұрғын жайлардың шаршы метрі 378 100 теңгеге бағалануда.

Баға төмендеуінің ең шектік меже көрсеткішіне ие болған аймақтар – Қостанай және Петропавл қалалары.

Жалпы қалалардағы бағаның өсу пайызы - 0,4 пайыз. Алдағы уақытта маңызды өзгерістер болмайды деп күтілуде.

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір