• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:23:11
Алматы
+35°

06 Маусым, 2019 NEWS

ВИЧ жұқтырған қаскөй жесір жеңгесін зорлады (видео)

Күйеуі қайтыс болған келіншек бұл кезде қалың ұйқы құшағында жатқан. Әпкесінің кетуін күткен қандықол ұйқыдағы әйелді ауыр затпен төмпештеп, қан-жоса еткен.

Шығыс Қазақстан облысында түрмеден мерзімінен ерте босап шыққан қаскөй жесір жеңгесін түнгі 4:00 шамасында зорлап тастады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме бере отырып.

Күйеуі қайтыс болған келіншек бұл кезде қалың ұйқы құшағында жатқан. Әпкесінің кетуін күткен қандықол ұйқыдағы әйелді ауыр затпен төмпештеп, қан-жоса еткен. Артынша, талмаусыраған жеңгесінің жан айғайына қарамастан, білгенін істеген. Бұрын сотталған еркек есірткіге тәуелді екен. Тіпті, ВИЧ жұқтырған көрінеді.

Сыртқа жанұшыра жартылай жалаңаш күйде қашқан әйел көшедегі дүкендердің бірінде бас сауғаламақ болыпты. Алайда, жүзін қан жуған келіншектен шошынған сатушы оны қуып шығыпты. Абырой болғанда оған қайырымды жан кезігіп, көмекке келген. Бірақ өлім аузынан қалған әйелге жедел жәрдем де, полицейлер де келмепті.

«Бетіме тиген қатты соққыдан ояндым. Ол мені өлтіремін деп қорқытып, ойына келгенін істеді. Оған күшім жетпей, қанға тұншыға бастадым. Өйткені, мұрным мен аузымнан қан ақты. Соққыға жыққан соң, ешкімге айтпаймын деп жалынып, оны сендіріп, қашып шықтым.»,- дейді зардап шегуші.

Ең сорақысы миы шайқалып, денесінің бірнеше тұсы сынған келіншекке жасалған қылмыс жазасыз қалыпты. Пробация қызметінің қарауында болғанымен жүгенсіз жүрген қаскөйдің қылмысын полицейлер «отбасылық-тұрмыстық дау»,- деп жылы жапқан. Адвокаттың сөзінше, облыста мерзімінен ерте босаған осындайлар толып жүрген көрінеді.

«Еліміздің бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігіне шағым жолданғанмен, әлі жауап келмеді. Осындай қылмыскерлер қазір мерзімінен ерте шығып, қайта қылмыс жасайды. Мұндай қылмыс жасағандардан жапа шеккен қанша адам бар. Өзімізге келгендер де көп. Қаскөйлерді қоғамнан оңашалау қажет деп ойлаймын»,- дейді қоғамдық қор өкілі Алмат Мұхамеджанов.

Ұсынған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір