• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:44:52
Алматы
+35°

05 Маусым, 2019 NEWS

Қазығұрттық кәсіпкер 10 отбасыға баспана сыйлады

Кәсіпкер мұсылман қауымы үшін жылдың ең қасиетті, әрі ерекше айы – Рамазан айында аудандағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 500 отбасыға азық-түлік үлестіріп, 5 млн. теңге көлемінде көмек көрсеткен.

Жомарт кәсіпкер жағдайы төмен 10 отбасыға баспана сыйлады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында еңбегі мен іскерлігінің арқасында кәсіптерін дөңгелетіп отырған азаматтар жетерлік. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Жомарт жүрек» базалық жобасы аясында аудандағы кәсіпкерлер мен демеушілер тарапынан аз қамтамасыз етілген, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі отбасыларға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, жалғызілікті қарттарға көптеген көмектер берілуде.

Осындай нар тұлғалы азаматтардың бірі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпазы, Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы, кәсіпкер – Сырым Ертаев. Ол өз есебінен 2017-2018 жылдары тұрмысы төмен Алтынтөбе ауыл округінен 2 отбасыға, Қарабау ауыл округінен 3 жанұяға, Жаңабазар ауыл округінен 2, жалпы 7 отбасыға үй салып берген. Және биылғы жылы да бұл қайырымды ісін жалғастыра отырып жуық арада Жігерген ауыл округінен 1, Қазығұрт ауыл округінен 2, жалпы 3 жанұяға баспана тарту  етпек. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір