• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:26:35
Алматы
+35°

05 Маусым, 2019 Спорт

Денис Тен қаза тапқан жерге ескерткіш орнатылмақ

Аты аңызға айналған фигурстке арналған ескерткіш 13 маусым күні сағат 11:00-де Алматы қаласында ашылады.

Ескерткішті Денис Тен қаза тапқан жерге-Бәйсейітова мен Құрманғазы көшелерінің қиылысына орнатпақшы деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ескерткішті Денистің туған күні ашпақшы. Егер тірі болса, қазақ спортшысы 13 маусым күні 26 жасқа толар еді.

«Денис үнемі жарқын жүзді, қарапайым, әдепті, өте дарынды, жастарға нағыз үлгі боларлық азамат еді. Оны бүкіл әлем мақтан тұтады», – делінген жазбада. 

Еске сала кетсек, Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесі күні көлік ұрыларының қолынан қаза тапқан еді. Көлігінің айнасын ұрлап жатқан екі азаматпен қақтығысып, аяғынан ауыр пышақ жарақатын алып, көп қан жоғалтқандықтан, спортшы ауруханада көз жұмған болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір