• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:11:00
Алматы
+35°

04 Маусым, 2019 NEWS

Алматы облысында бүтін бір ауылды су басты (видео)

Селдің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Роликтен қатты жауыннан ауыл көшелерін су басқанын көруге болады.

Нөсер жаңбыр салдарынан Алматы облысындағы Пиджим ауылын сел басты, төтенше жағдайдан ешкім зардап шекпеген, оқиға орнында жедел штаб құрылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме бере отырып.

 
Селдің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Роликтен қатты жауыннан ауыл көшелерін су басқанын көруге болады. Бұл көліктердің жүруін қиындатқан.
"Пиджимді су басып кетті. Мына жерден көліктер өте алмай жатыр", - дейді видеода ер адам.
Оқиға орнына полицейлер мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шұғыл жеткен.
 
 
Облыстық ТЖД мәліметіне сәйкес, 3 маусым күні кешке ауа температурасының көтерілуі мен нөсер жаңбыр жаууы салдарынан таулы аймақтағы ағынды су ауылды басқан.
 

"Су дейгейінің көтерілуінен Пиджим аулындағы бірнеше көше мен ауланы су басты. Апат салдарын жоюға жергілікті атқарушы органның, Алматы облыстық ТЖД, "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі, әскери қызметкерлер, Панфилов ауданының полицейлерінен құралған 100-ден астам маман мен 20 бірлік техника жұмылдырылды. Оқиға бақылауда", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.

 
Төтенше жағдайдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ ведомство қызметкелері түнгі сағат 23:30-да ағын су тоқтағанын айтады. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде.
 

Алматы облысының ТЖД қызметкерлері 31 мамыр күні нөсер жауын салдарынан өңірде сел жүру қаупі бар екенін тұрғындарға СМС арқылы ескерткенін айтады.

Ұсынған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір