• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 01:20:01
Алматы
+35°

31 Мамыр, 2019 Аймақтар

Жамбылда Тұрар Рысқұлов туралы фильм түсірілмек

Жамбыл облысында бүгінгі күнге дейін 67 іс-шара өткізілген.

Елбасының  «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының «Архив-2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері»,  «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» арнайы жобалары аясында Жамбыл облысында бүгінгі күнге дейін 67 іс-шара өткізілген.  

Мысалы, жақында ғана облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен «Ерлікке тағзым – ұрпаққа парыз» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткен.  Конференцияға «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы Берік Әбдіғали, ҚР-ның Президенті Архивінің жанындағы Қоғамдық Кеңес төрағасы Борис Жапаров, ҚР-ның Президенті Архивінің директоры Жәмилә Әбдіқадырова,  Польша Республикасының Гданск қаласындағы Поморск генеологиялық қоғамы Президентінің орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты, өлкетанушы Войцех Бещинскии және өзге де өңірлердің архив басшылары мен мамандары қатысты.

Мақала тарихты кино мен телевизия арқылы таныту жөнінде де біраз дүние айтылғаны белгілі. Расында да, кино бір ұлттың мәдениеті мен тарихын, салт-дәстүрі мен ұлттық идеясын көрсететін құрал.

Бағдарламаның «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» арнайы жобасының негізгі мақсаты да Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі және қысқа метражды фильмдерін өндіріске енгізу.

Бұл арнайы жоба аясында Қазақстан жазушыларының еңбектерінің негізінде тарихи фильмдерді түсіру және шығармашыл жастарды кино әлеміне тарту, үздік сценарийлерді жазуға ынталандыру бағыттарында Әулиеата өңірінде де жүйелі жұмыс атқарылуда. Алдағы жоспарлар да ауқымды.

-Биылғы жылдың ауқымды іс-шараларының жоспарымен бөлісетін болсам, ағымдағы жылдың маусым айында облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасындағы «Үздік сценарийлер», «Жалынды жастық шақ» бейнероликтер байқауын, Меркі ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Меркі, Аспара қалашығы, Меркі-1,2,3,4,10 қорғандары мен Сандық, Қарақыстақ шатқалы, балбал тастардың тарихи-мәдени мұралары туралы деректі фильмдер түсіру жоспарлануда. Жуалы ауаны әкімдігінің ұйымдастыруымен Шерхан Мұртаза атамыздың «Қызыл жебе» романы желісінде Т.Рысқұлов туралы қысқа метражды фильм түсіру де жоспарда бар,-дейді «Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисі» мекемесінің басшысы Серікбол Берікқожа.

Бақыт Жалғас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір