• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:37:13
Алматы
+35°

24 Мамыр, 2019 Әлем

Мао Цзэдун өмірінде тісін жумаған. Құпиясы неде?

Маоның тағы бір ерекшелігі – жуыну мен ұйықтауды босқа уақыт жоғалту деп санауы. Ол тәулігіне төрт сағаттан артық ұйықтамаған.

"Жолбарыстар ешқашан тісін жумайды, оның тістері әрдайым өткір болып тұруы тиіс" деген ұстанымдағы Қытай диктаторы өзін жыртқыш һәм қауіпті адам ретінде бағалаған.

"Мао Цзэдуннің жеке өмірі" деген кітап жариялаған диктатордың жеке дәрігері Цюань Яньчи оның өте қызық адам болғанын айтады. Мао "жолдастың" үзеңгілестерінің өзі таңданатын ерекше әдеттері болған екен.

Осының ішіндегі ең айтулы әрі назар аудартатын әдеті – диктатордың ұзақ өмір сүруге қатты ұмтылыс жасауы. Ол өзінің осы мүддесінің үдесінен шығу үшін, тіпті, пәк қыздарды да қолданудан бас тартпаған.

Сондай-ақ, өмір жасын ұзарту үшін қытайлық көшбасшы жеке гигиена қағидаларын да өзінше құрған.

Мысалы, ол ешқашан сумен жуынбапты. Тек денесін сулы орамалмен сүрткізіп отырған. Осыдан кейін ол "трихомоноз" деген ауруға шалдығып, сол кезде-ақ дамыған қытай медицинасының көмегімен аман қалады.

Дәрігер Маоға жеке гигиенаны сақтау қажеттіліктері туралы айтқанда, диктатор өзінің жолбарыс туралы тәмсілін алға тара берген. Ол әр күні таңертең тісін көк шаймен ысқылап, артынша тағы да шай түйіршіктерін шайнап жүрген. Дәрігер диктатордың қызыл иегінің түсі бірнеше жылдардан кейін жасыл түске еніп кеткенін айтады.

Осынау бір "біртүрлі" қағидалардың тууына зерттеушілер диктатордың кедейшілікте жетілгені, оның өркениеттен аса хабардар еместігі себеп болған деседі. 

Маоның тағы бір ерекшелігі – жуыну мен ұйықтауды босқа уақыт жоғалту деп санауы. Ол тәулігіне төрт сағаттан артық ұйықтамаған.

Осының бәрін Мао ұзақ өмір сүру үшін жасады. Десе де, ол өз миссиясында рекорд орнатқан жоқ. Мақсатына жете алмады деп айтуға тағы болмайды. Мао Цзэдун 82 жасында өмірден өткен.

Қазіргі заманда да атақты диктатордың әдетін қайталаушылар көп. Олар тіс щеткасы мен пастадан мақұрым қалған. Осы кереғарлықты қалпына келтіру үшін Қытай Ұлттық ауыз қуысы гигиенасын сақтау комитеті құрылған. Қызық па?! Қызық!

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір