• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 10:15:05
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Сақ болыңыз! Сауда орындарындағы түбіртек қауіпті ауру туғызады (видео)

Келесі жылдан бастап барлық саудагерлер мен қызмет көрсетушілер кассалық аппараттарын онлайн жүйеге бейімдеуі тиіс.

Сауда орындары беретін чектер адам ағзасында обыр мен қант диабетінің өршуіне әкеп соғады. Мамандар ондаған жыл бойы алып жүрген түбіртектің осындай зияны туралы айтты. Алайда, дәл  қазіргі уақытта бұл дәйек электронды чекке көшу жағына мүдделілердің маркетингтік қадамы да болуы мүмкін. Ал салық органдары қауіпті түбіртек үшін 100 смартфон сыйлауға әзір деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Еуразия бірінші арнасының дерегін негізге алып.

Келесі жылдан бастап барлық саудагерлер мен қызмет көрсетушілер кассалық аппараттарын онлайн жүйеге бейімдеуі тиіс. Ондай мүмкіндігі жоқтар, жаңадан құрылғы алуы шарт. Заң талабы осы. Болмаса, айыппұл төлеуге тура келеді. Бірақ саудагерлердің бірі жаңа аппарат іздеп жүрсе, бірі ескісін де әлі дұрыс қолданып үлгермеген.

"Мына қорап сол жатқан күйі жата бере ме сонда?  Жатады. Бір айда бір адам сұраса, сұрайды, сұрамаса ол да жоқ. Не керегі бар оның? Қаншама адамды қинап, осыны алдырып жатыр. Мынаның қанша тұратынын білесің бе? 65 мың теңге", - дейді саудагер Нұркен Ақымбек.

"Кассалық аппаратқа үйреніп қалғанбыз. Онлайнға көш деп жатыр. Көшуіміз керек қой заңды түрде. Енді Үкіметке ешкім қарсы тұра алмайды ғой", -деп пікір білдірді Бақытбек Нұртаев есімді саудагер.

Елордада шамамен 64 мыңнан аса кассалық аппарат қолданылады. Жартысынан көбі яғни, 39 мыңнан астамы әлі онлайн жүйеге көшпеген. Мамандар аяқ астынан күнделікті қолданыстағы чектің аса қауіпті екенін айта бастады. 

Кассалық аппараттан шығатын чек обыр мен қант диабетіне себепші болуы мүмкін екен. Өйткені, қағаз құрамында зиянды зат бар көрінеді. Бұған дейін неге бұл туралы жарияға жар салып айтылмағаны әлі күнге дейін жұмбақ. Бәлкім онлайн кассаға өтуді жеделдетудің бір жолы шығар.

Ескі аппараттың ішін ақтарып, онлайн жүйеге қосуға болады екен. Бірақ, құрылғыларды сататындар жаңасын алған тиімдірек болатынын айтады.

Сондай-ақ талап бойынша чекте QR-код болуы шарт. Елімізде қазір жаңа жоба қолға алыныпты. Оған чек беру үшін аппаратты сатып алудың қажеті жоқ. Смартфонға арнайы қосымша жүктеп, айына 3 мың теңге төлеп отыруға да болады.

Жаңа үлгідегі кассаға көшуді ынталандыру шарасы бұл. Мемлекеттік кірістер комитеті демеушілердің көмегімен чек талап еткіш азаматтарға 100 күнде 100 смартфон сыйлаймыз деп отыр. Ұтысқа ие болғандардың бірі қарапайым касса қызметкері. Үш мың теңгеге сауда жасап, гаджетті иемденді.

Экологтар ескі аппаратты қоқысқа тастамауға кеңес береді. Одан келер залал ауыр екен. Аппарат сатушылар оны ауыстырып, жаңасын жеңілдікпен беруге әзір.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір