• USD 383.34
  • EUR 431.45
  • RUB 5.89
  • CNY 55.51

23 Мамыр, 2019 Саясат

ШҚО әкімі қытайларға 40 мың гектар жер беретін болды

Бұл туралы облысқа ресми сапармен келген Шыңжан Ұйғыр автономиясы, Халық үкіметі төрағасының орынбасары Чжао Чунцзюмен кездесуде аймақ басшысы Даниал...

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алтайньюс  тілшісіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы облысқа ресми сапармен келген Шыңжан Ұйғыр автономиясы, Халық үкіметі төрағасының орынбасары Чжао Чунцзюмен кездесуде аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлім етті.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанға сапары барысында Чунцзю мырза бастаған қытайлық делегация Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да, сонымен қатар Үлбі металлургиялық зауытында болып, ондағы жұмыспен танысып қайтқан. Шетелдік қонақтар облысқа сапарының басты мақсаты бірқатар саладағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жағын талқылау болғанын айтты. Әсіресе ауыл шаруашылығы саласы қызықтыратынын жасырмады. Аймақ басшысы Даниал Ахметов те Шығыс Қазақстан облысы үшін бұл агросектордегі әріптестік аса маңызды екенін жеткізіп, қонақтар назарына бірнеше жобаны ұсынды.

altaynews.kz

–Облысымызда жаңа құс фабрикасын салуды жоспарлаудамыз. Бұл – ауқымды жоба. Аталмыш мақсатқа 40 мың гектар жер бөлеміз. Тағы 300 гектарға жуық телімде фабриканың негізгі базасы орналасатын болады. Жоспар бойынша кәсіпорын жылына 30 мың тонна құс етін өндіруі тиіс. Міне, осы бір жобаны жүзеге асыруға сіздер де атсалыссаңыздар деген тілегіміз бар. Жалпы, біздің облыста ауыл шаруашылығы саласында жемісті еңбек етіп жатқан бірнеше бірлескен қазақ-қытай кәсіпорыны бар. Мәселен, Көкпекті ауданында құрылған дәл осындай компанияның бірі бүгінде Қытай еліне балық өнімдерін экспорттаумен айналысуда. Сол сияқты Бесқарағай, Үржар аудандарында да бірлескен кәсіпорындарымыз нәтижелі жұмыс жүргізуде. Біз, сонымен қатар Қытайға ет өнімдерін экспорттауға мүдделіміз. Бұған әлеуетіміз де, мүмкіндігіміз де жетеді, – деген облыс әкімі Үрімжі мен Шәуешек қалалары аралығында салынған жаңа теміржол екі ел аймақ арасындағы байланысты бұдан сайын бекіте түсетініне сенім білдірген.

Өз кезегінде шетелдік делегацияны бастап келген Чжао Чунцзю мырза аймақ басшысына шақыртуы үшін алғыс айтып, Шыңжан Ұйғыр автономиясы үшін Шығыс Қазақстан облысы негізгі стратегиялық әріптестердің бірі екенін жеткізген. 

–Біз де әріптестігіміз баянды болғанын қалаймыз. Және осы бағытта жұмыс жүргізуге әзірміз. Бүгінде Шығыс Қазақстанда екі өңірдің кәсіпкерлері құрған 12 бірлескен компания бар екен. Сіздердің облыстарыңызда өндірілетін ауылшаруашылық өнімдері жоғары сапаға ие екенін де білемін. Әсіресе, бидай, ұн мен майлы дақылдарыңызды мақтайды. Біз Шығыс Қазақстан облысынан осы сияқты өнімдерді көбірек алғымыз келеді. Туризм саласын да дамытуға ниеттіміз. Өткен жылдың қараша айында Үрімжі қаласында кездесіп, екіжақты келіссөздер жүргізген болатынбыз. Енді сол басқосуда қол жеткізген уағдаластықтарымызды іс жүзінде орындауға даярмыз, – деді Чжао Чунцзю мырза.


Кездесу барасында екі өңірдің білім, ғылым, денсаулық сақтау және мәдениет салаларындағы әріптестігі де сөз болды. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар бірқатар екіжақты хаттамаға қол қойды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

5 пікір

Кенжебай 04 Маусым, 2019

Неге жерди бергенин тусинбедим. арендага ма алде сатып отырганы ма? бул калай? Неге озимиздин жагдайымыз келмейди ме не? Мен олай кытайга жерди беруге карсымын. Олардан сон бул жерде ештене оспейди. Сосын кандай келисим шат жасалган. соны тусиндирип жазсын.

Арай 04 Маусым, 2019

Қашан қытайға жер сатуды қоясыңдар??? Осындай бассыз шенеуніктердің кесірінен ата-бабамыз бен желтоқсан жастарының құрбандары жай қалады. Әлде әдейі істейсіңдер ма? Әлде біреу сендерді зорлап істете ме? Әлде шынымен миларың жоқ па?

Алия 05 Маусым, 2019

Кус фабрикасын озимиз салып аткара аламыз. Бос сылтау... Жане де озге елдин технологиясымен ондирилген кус ети бизге кажет емес

Макен 28 Мамыр, 2019

Қаншалықты рас?

Шамшиева Зарина 28 Мамыр, 2019

Біздің елден таза өнімдерді алатын Қытай елі əрине қуанады. Ал бірақ, біздің елге жіберіп жатқан ол елдің азық-түлігі, балалар ойыншықтары,тұтынатын тұрмыстық заттар зиянды, улы болып келіп жатыр.Оның бəрін тізбектеп айту мүмкін емес. Жақында уатсап арқылы келген ата-аналарды шулатқан "слайм" туралы хабарламаларды айтар болсақ, балалар ойнайтын аталмыш заттан баларлардың беттеріне,қолдарына,денелеріне қотыр шыққан.Дəрігерлердің қарауынан кейін "слаймның" улы заттардан жасалғандығы анықталған.Қазақ халқын ашықтан-ашық ақырындап уландырып,ауру тудыратын заттар жіберіп жатқан елмен одан ары серіктестік байланысты нығайтайын деп отырған басшылықтағы ағаларға жол болсын.