• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:46:46
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2019 Спорт

Тараздағы тартыс: Жартылай финалға кімдер шықты?

19 мамырда Тараздағы "Бектөбе" иподромында басталған чемпионатта бүгін көкпар ойынынан топтық кезең өз мәресіне жетті

Тараз қаласында ат спорты түрлерінен (көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату) ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

19 мамырда Тараздағы "Бектөбе" иподромында басталған чемпионатта бүгін көкпар ойынынан топтық кезең өз мәресіне жетті. Жалпы биылғы чемпионатқа көкпардан Қазақсатандағы 14 облыс пен 3 қаладан барлығы 15 команда жиналды (Алматы облысы мен Шымкент қаласынан команда болған жоқ). Олар төрт топқа бөлініп жартылай финалдың жолдамасына таласты. Нәтижесінде А тобынан Түркістан облысының "Құлагер", В тобынан Атырау облысының "Нарын", D тобынан Ақмола облысының "Жекебатыр", С тобынан Жамбыл облысының "Әулие-Ата" көкпар командалары жолдама алды. Жартылай финал мен ақтық сынның ойындары 26 мамырға жоспарланып отыр. Жартылай финалдық жұптар жеребе арқылы анықталады. 

Бұл – көкпардан ересектер арасындағы Қазақстанның ХІХ чемпионаты. 2018 жылы чемпионат Нұр-Сұлтан қаласындағы  "Қазанат" атшабарында өтіп, Түркістан облысының "Құлагер" командасы жеңімпаз атаған еді. Оларға ақтық ойында жеңілген Жамбыл облысының "Әулие-Ата" командасы күміс жүлде алса, қоланы Маңғыстау облысының "Адай-Ата" командасы иеленген.

 

 

Мият Кәшібай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір