• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:11:42
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2019 Әдебиет

Сайлау өтеді дегелі, 
Көрмеген көрдік көп дейді
Ақ жауынның артынан 
Саңырауқұлақтар көктейді. 
Кандидаттардың ішінде
Тасмағамбетов жоқ дейді,
Арманға жетті қу түлкі
Арландарыма оқ тиді.
Комунистердің таңдауы 
Жамбыл Ахметбек дейді. 
Ұл болып жарытпағандар
Ұлтқа қызмет етпейді. 
Қосановтай ағамды
Қостайтындар көп дейді,
Бәрібір оның дауысы 
Тоқаевқа жетпейді. 
Елімнің жайы не болмақ?!
Темірдің өзін тот жейді.
Кімнің президент боларын
Елбасы өзі реттейді. 
Жырлай беріп қайтейін?!
Бәрібір әділ өтпейді,
Тырнаны қарауыл қойса
Төбеңнен қиқу кетпейді...

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Сайлауләйлім... #сайлау#тоқаев#қосанов

Публикация от Аспанбек Шұғатаев (@aspanbek_kz)



Авторы: Аспанбек Шұғатаев

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір