• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:30:34
Алматы
+35°

12 Мамыр, 2019 IT

Google компаниясы туралы 10 дерек

Google компаниясы Ларри Пейдж бен Сергей Бриннің еңбегі нәтижесінде дүниеге келді.

Әлемге әйгілі іздеу компаниясының бірі – Google. Бұл компанияның өнімін әлем халқының басым бөлігі тұтынады. Alphabet холдингінің құрамына кіретін компанияның негізгі қаражат көзі – жарнама.

Google компаниясы Ларри Пейдж бен Сергей Бриннің еңбегі нәтижесінде дүниеге келді. Google компания ретінде алғаш рет 1996 жылдың 4-қаңтарында тіркелді.

Сонымен атақты Google компаниясы туралы қызықты 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз.

1. Компанияға жаңадан жұмысқа қабылданғандар алғашқы жұмыс жұмасында бастарына күні бойы айналмалы тетігі бар бас киім жүуге міндетті. Бұл – компанияның алғашқы ерекшелігі.

2.  Google-дің басты беті өте қарапайым деңгейде жасалған. Себебі, алғашқы құрастырушылар HTML тілін білмеген. Сондықтан, атақты компанияның басты беті әлі күнге қарапайымдылық деңгейінен ажырамай келеді.

3. Компанияның ауласында өсімдіктердің, жасыл желектердің түр-түрі өседі. Сондықтан, Google қозылар асырауды жөн көрген. Шамамен 200-ден астам қозы апта бойы ауланы қалыпқа келтіріп тұрады. Олар моторлы шөпшапқыш секілді; ешқандай үн шығармайды және ауаны, ауланы ластамайды.

4. Корпорация мысықтарға қарағанда, итті, күшікті қатты жақсы көреді. Ең қызықтысы – олардың жарғысында өздерін «ит компаниясы» деп атаған жолдар кездеседі.

5. Егер компания қызметкері дүниеден өтсе, онда оның жақындары соңғы он жылдағы жалақысының жартысын алады. Бұл қызметкерге деген құрметті көрсетеді.

6. Google комапниясының кампусында Рекс атты тироннозавр тұрады. Тироннозавр қаңқасы қызметкерлерге уақытты, қызметтің маңыздылығын ескертіп тұрады.

7. 1997 жылы Yahoo компагниясында Google компаниясын небәрі 17 миллион долларға сатып алатын мүмкіндік болған. Бірақ бұл сатылым орын алмады. Қазіргі күні Google компаниясының нарықтағы бағасы 200 миллиард долларды құрайды.

8. Google компаниясында жеке сайттарының жатпланеталықтардың тіліне лайықталған нұсқасы бар.

9. 2013 жылдың 19-тамызында компания өз жұмысын 5 минутқа тоқтату арқылы әлемдегі жалпы веб-жұмыстардың 40 пайызын істен шығарған.

10. Google компаниясының туған күнін ешкім білмейді. Тек басшылар мен қызметкерлер оны 27-қыркүйекте тойлауды ұйғарған.

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір