• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 09:55:18
Алматы
+35°

23 Ақпан, 2019 Әлем

"Гринсборода тапжылмай отырғандар" немесе әлемді өзгерткен төртеу

1964 жылы нәсілдік бөлектеудің көзін жойған атақты «Азаматтық құқық туралы Заң» (Civil Rights Act) жасалды

1960 жылдың 1 ақпанында афроамерикалық төрт студент Гринсборо қаласындағы Вулворт (Woolworth’s)  атты шағын дәмхананың үстелдерінің біріне жайғасады да, кофеге тапсырыс береді.

Алайда, даяшы қара нәсілді жігіттердің тапсырысын қабылдаудан бас тартып, дәмхананы босатуларын сұрайды. Төрт қара нәсілді студент аталмыш дәмхана жабылғанша орындарынан тапжылмайды. Оларды қуып шығуға ешкімнің хақы жоқ еді.

Келесі күні дәмхананың үстелінде тұнжыраған 12, үшінші күні 60 қара нәсілді отырды. Ал төртінші күні олардың саны 400-ге жетті. Дәмхананы түгелдей афроамерикалық қара нәсілділер «жаулап алды», тіпті сыймағандары сыртта тұрды. Бұл жағдайға алаңдаған Вулворт басшысы дабыл қақты! Енді біраз шыдаса, дәмхананы жабудан басқа амал қалмас еді.

Осы жайттан кейін бүкіл елдегі афроамерикалықтар қарсылық білдіре бастады. Сөйтіп, АҚШ ғимараттарында нәсілдік ережелердің күші жойыла бастады.

Ақырында, төрт жылдан кейін, яғни, 1964 жылы нәсілдік бөлектеудің көзін жойған атақты «Азаматтық құқық туралы Заң» (Civil Rights Act) жасалды. Бұл - түсіне, жынысына немесе ұлтына қарап кемсітуге тыйым салған АҚШ-тың азаматтық құқық пен еңбек заңнамасы болып табылады.  

Суретте дәл сол «Гринсборода тапжылмай отырғандар».

Әлемді төрт-ақ адам да өзгерте алады.

 

Дереккөз: bigideas.ru

Ұсынған: Мақпал Сембай

Мақпал Сембай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір