22 Ақпан, 2019 Әлем
Австриялық атақты фотографтың тылсым табиғатта түсірген 30 көңілді суреті
Неткен, сүйкімді жануарлар десеңші!
Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырмандар назарына тылсымы терең табиғатта түсірілген көңілді суреттерді ұсынады.
Джулиан Рад — жануарларды суретке шебер түсіретін нағыз фотограф. Австриядан шыққан. Оның суреттерінің басты кейіпкері - тылсымы мол табиғаттың сүп-сүйкімді, күлкілі жануарлары. Суреттерінің кереметтігі сонша, бірнеше фотобайқаулардың жеңімпазы атанып та үлгерген. Төрт жыл бұрын "Жабайы табиғаттың көңілді суреттері" атты танымал байқаудың бас жүлдесін қанжығасына байлаған.
Жануарларды суретке түсіру — екінің бірінің қолынан келе бермейтін шаруа. Әсіресе, егер ол шапшаң қимылдайтын кеміргіштерге қатысты болса. Бірақ бұл белес Австрия фотографына бағынды. Гүлдің жұпар иісіне сүйсініп тұрған сарышұнақ, жидек ағашына күші жетпей жатқан алақоржын немесе жаңғаққа жете алмай жатқан тиін... әрбір сурет - сұлулығы мол табиғаттың көңілді бір сәті.
Ендеше, мархабат.
Дереккөз: http: travelask.ru
Ұсынған: Мақпал Сембай
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір