• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:47:57
Алматы
+35°

23 Шілде, 2018 Мемлекеттік бағдарламалар

Елорданың көше қиылыстарында «Интеллектуалдық жаяужол өткелі» орнатылды

Жобаны жасаушылар «Жастар» шағын ауданын себепсіз таңдамаған

«Ақылды аудан» жобасының аясында «Байқоңыр» ауданының Кравцов және Уалиханов көшелерінің қиылысында «Интеллектуалдық жаяужол өткелі» орнатылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі digitalkz.kz сайтына сілтеме жасап.

«Интеллектуалдық жаяужол өткелі» «Safe Way Company.kz» компаниясының инновациялық кешені болып табылады.

«Ақылды» жаяужол өткелі адам жақындаған кезде жұмыс істей бастайтын құрылым. Түнгі уақытта белгінің жарық әрі көлемді болуынан, жүргізуші алдағы кедергіні алдын ала көріп көлікті тоқтатуға, ал жаяу жүргінші жолды кауіпсіз өтуге мүмкіндік алады», – деді Е. Каналимов.

Сондай-ақ, «Интеллектуалдық жаяужол өткелі» электр тоғын қажет етпейді, ол табиғи жолмен – күн мен жел энергиясынан қуат алады. Кешен қатты аяз бен аптаған ыстыққа төзімді. Сонымен қатар, бұл Халықаралық «Shell» концерны тарапынан қолдау көрсетіліп жасалынған, әлемде баламасы жоқ қазақстандық жоба екенін атап өткен жөн.

2018 жылдың 2 маусымында Астанада «Байқоңыр» жаңа ауданының тұрғындарына «ақылды аудан» жобасының таныстырылымы өткізілген болатын. Ол қаланың ескі бөлігінде: «Жастар» ықшам ауданында, Бараев, Кравцов, Ташенов және Хусейн көшелерінде орналасқан.

Айта кетелік, жаңашылдықты енгізуге жауап беруші «Astana Innovations» АҚ, елордада «болашақ аралын» құруды инвесторлардың қаржысына жоспарланған. Осындай жаңа үлгідегі аудан құру болашақта салынатын шағын аудандарға бағдар болады. Жобаны жасаушылар «Жастар» шағын ауданын себепсіз таңдамаған, оның қаланың тең ортасында орналасқаны, тоғыз жолдың торабында тұрғаны және қаланың қай бағытынан келсеңіз де ыңғайлы орналасқаны ескерілген. Жобалаушылар мол қаржы жұмсамай-ақ тұрғындарға жайлы, өмір сүруге қолайлы, дұрыс сәулеттік үлгідегі және жаңа технологияларға негізделген «ақылды» аудан құрмақ.

Енгізілетін жаңа технологиялар арасында қыста жылытылатын «ақылды» жаяу жүргіншілер жолдары, көлік торабын жоспарлайтын жүйелер, мобильді кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары, «ақылды» жарықтандыру, қоқысты жекелеп сақтау және т.б. бар.

Сонымен қатар, смарт өлшеуіші бар «ақылды» үй салу жоспарлануда. Бұл ғимарат энергияны, суды тұтынуды, жеңіл және басқа коммуналдық тауарларды бақылауға мүмкіндік береді. Мәселен, «ақылды» ауданда «Smart Metering» жаңартылған суесептегіштері бар «ақылды үй» бой көтеретін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір