• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:20:28
Алматы
+35°

05 Ақпан, 2018 NEWS

4.0 Индустриясы элементтері бар жаңа жабдықтар өзінің тиімділігін танытты

4.0 Индустриясы элеметтері бар жаңа жабдықтар «ЕЭК» АҚ өнеркәсіп алаңдарында өзінің тиімділігін танытты

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ электр станциясының ұжымы №2 энергоблоктағы 4.0 Индустриясы элементтері жұмысының аралық қорытындысын шығарды.

2017 жылдың желтоқсан айында ЕЭК энергетиктері күрделі жөндеуден өткен №2 энегоблокты іске қосты. Бұл ретте блок құрамына жаңартылған жабдықтар қатарында сымсыз датчиктер, датчиктер мониторингі мен дірілдиагностика жүйелері сияқты төртінші өнеркәсіптік революциясының элементтері де іске қосылды.

– Біздің жұмысымыз, шынында, Елбасы алдымызға қойған мақсаттарды жүзеге асырудағы  шешуші қадам. Төртінші өнеркәсіптік революция туралы көпшілік тек айтқаны болмаса,  дәл біз осы ауқымды, ұзақ мерзімді бағдарламаны жүзеге асырумен айналыса бастаған Қазақстандағы бірінші энергетикалық кәсіпорын болып тұрмыз, – деп, «ЕЭК» АҚ президенті Валерий Гриненко деді.

Индустрия

Жаңа жүйелерді бір ай тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану, олардың тиімділігін  көрсетті.

– Қысымның сымсыз датчиктердің бұзылуы, сондай-ақ сыртқы электрмагнит өрісінің әсерінен радио арнасы бойынша байланыстың жоғалуы тіркелмеген, бұл станцияда датчиктердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін жабдықтардың көптігін ескерсек  жақсы нәтиже,  – деді «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясы жылу автоматика және өлшеу цехының бастығы Роман Паустьянов. – Сымсыз датчиктердің кәдімгі сымды датчиктермен салыстырмалы талдау олардың көрсеткіштерінің 100% сәйкестігін көрсетті. Датчиктер мониторингі жүйесі іске қосылып, қызметкерлер оң пікір білдірді. Олардың айтуынша, жаңа жабдықтардың негізгі артықшылығы – диагностика жасау мен конфигурацияны тексеру мақсатында датчиктерге қысқыштарды қосу қажет емес, өйткені бұл жұмыс түрі қашықтықтан жасалады. Дірілдиагностика жүйесіне келсек, ол әлі де баптау сатысында: дайындаушы зауытының мамандары жүйе алгоритмдерін бейімдеу үшін жабдықтың жұмыс тәртібі бойынша деректер жинайды. Жарты жылдық тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдаланудың нәтижесі бойынша аталған жабдықты одан әрі қолдану туралы шешім қабылданады.

Бұл станция тарихындағы алғашқы жаңартылым емес. 2016 жылы Қазақстанда баламасы болмаған технологиялық үдерістерді басқарудың автоматандырылған жүйесі енгізілді. Сол кезде «Интеравтоматика» ЖАҚ мамандары станцияның жылу автоматика және өлшеу цехының жұмысшыларымен бірлесе  жабдықты ауыстырды.

Ақсу электр станциясында 2001 жылдан бері энергоблоктардың қайта құруы ойдағыдай жүзеге асырылуда; сегіз блоктың бесеуі кешенді жаңғырудан өтті. Бүгінгі таңда құны шамамен 204 млн долларды құрайтын №5 энергоблокты қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Ақсу ЭС құрылымдық қуаты 2 450 МВт.    

Биыл бірінші энергоблоктің іске қосылғанына 50 жыл. Республикадағы электр энергияның шамамен 17% өндіретін Ақсу электр станциясында 2001 жылдан бері жабдықтарды жаңарту және қайта құру бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір