• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:42:49
Алматы
+35°

19 Сәуір, 2017 NEWS

4 жасар бала үш күнін шұңқырда өткізген

Артур өз бетінше шұңқырдан шығуға тырысқан, алайда, нәтижесіз болды.

Артур өз бетінше шұңқырдан шығуға тырысқан, алайда, нәтижесіз болды.

4 жаср бала үш күн бойы тереңдігі 2 метр болатын шұқырда болған, деп жазады Қамшы АА.

Informburo.kz порталының мәліметінше, үйінен шығып кеткен бала адасап қалады. Артурдың анасы мас күйде болғандықтан полицей қызметкерлерінің сұрақтарына мардымды жауап бере қоймаған.

«16 сәуірде бала үйінен шығып, адасып кеткен. Баланың жоғалғаны жайында ақпарат 18 сәуірде сағат 21.00-де келді, ақпарат берген баланың 42 жастағы анасының бірге тұратын құрбысы. Анасы ештеңені түсіндіруге шамасы келмеді, себебі, ішіп алған. Баланы іздеу үшін 300 полицей мен әскери қызметкерлер жіберілді. 19 сәуірде, сағат 8.30-да Артурды әскери-техникалық мектеп маңындағы шұңқыр ішінен табылған. Қуанышқа орай, бала тірі. Оны тапқанымызда, Артурдың қарны аш болды, әрі қатты шөлдеп қалған», деді Павлодар облыстық ІІД баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.

Балаға сол сәтте-ақ медициналық көмек көрсетілді. Ауыр жарақат алмаған. Денсаулығын тексерту үшін облыстық балалар ауруханасына жеткізлді.

18 сәуірде Артур 4-ке толды. Полицейлердің хабарлауынша, анасына қатысты «Ата-ананың бала тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамауы» және «Кәмелет жасқа толмаған балаларды тәрбиелеуде міндеттердің орындалмауы» баптары бойынша іс қозғалды.

Аналық құқықтан айыру жөнінде ақпарат арнайы комиссияға жөнелтіледі.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір