• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:26:04
Алматы
+35°

03 Наурыз, 2017 Әлеумет

4 ай жүрексіз өмір сүрген қыз медицинаның ғажайыбы атанды

АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатында тұратын Жанна Симмонсты қазір медицинаның ғажайыбы деп атайды. 14 жастағы жасөспірім қыз өзінің жарамсыз жүрегін ауыстыру...

АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатында тұратын Жанна Симмонсты қазір медицинаның ғажайыбы деп атайды. 14 жастағы жасөспірім қыз өзінің жарамсыз жүрегін ауыстыру үшін 4 айдан астам уақыт жүрексіз өмір сүрді. Симмонс дилатациялық кардиомиопатия кесеіне шалдыққан. Яғни, жүрегі әлсіз әрі камерасы үлкейіп кеткен. Соның кесірінен денесіне қанды толық айдай алмайды деп жазады halyknews.kz.

Майамидегі балалар ауруханасының хирургтары 2008 жылдың 2-шілдесінде алдын-ала жүрегін ауыстыру операциясын өткізді. Бірақ жаңажүрек жұмыс істемей қалды да, оны дереу алып тастады. Жанна болса жүрексіз өмір сүре берді. Оның қанын қолдан, насос арқылы айналдырып отырды. Балалар кардихирургиясының директоры доктор Риччи «Жанна 118 күн жүрексіз төсекке таңылып жатты. Оның қанын қолдан жасалған екі насос ауналдырып отырды», – дейді.

Төсекте жатқан төрт ай жас қыздың ағзасына оңай тиген жоқ. Осыншама уақытта бүйрегі мен бауыры зақымданып, асқазанынан қан кетті. Қазан айында донор табылып, операция сәтті өтті. Жаңа жүрек жас қыздың ағзасына тез бейімделді. Бұл медицина тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға еді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір