• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:00:00
Алматы
+35°

26 Сәуір, 2018 Шаруашылық

Биыл Отырар ауданы алғаш рет көгілдір отынға қол жеткізеді

2014-2016 жылдары 4 млрд 181 млн теңгеге ауданды табиғи газбен қамту жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған.

Жыл басында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев ауылдардағы мамандарға жағдай жасау мақсатында аудан, қала әкімдеріне қызметтік тұрғын үйлер салуды жүктеген болатын. Осы тапсырмаға сәйкес Отырар ауданында 12 пәтерлік 2 қызметтік үйдің құрылысы жүргізілуде. ОҚО әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур кезінде журналистер осындай жұмыстардың куәсі болды.

Отырар

Шәуілдір ауылында бой көтеретін тұрғын үйдің жалпы құны 311,6 млн теңге болып бекітілген. Құрылыс жұмыстары жоспар бойынша 2019 жылға өтпелі. Биыл атқарылатын құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 200 млн теңге қаржы қаралған.

Отырар

Тілшілерді бастап жүрген аудан басшысы Е.Айтаханов алдымен жаңадан бой көтеріп жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысуға шақырды. Заманауи үлгіде салынып жатқан кешенде дзюдо, самбо, қазақ күресінің кілемдері мен волейбол, футбол, баскетбол алаңдары болады. Ағымдағы жылы пайдалануға берілетін жобаның құны 293 544 160 теңгені құрайды.

Отырар

Сондай-ақ, елдімекендерге табиғи газ тарту үшін жүргілізіп отырған құрылыс жұмыстары да отырарлықтардың көз қуанышына айналып отыр. Себебі, тарихта алғаш рет аудан тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізетін болады. Мамандардың сөзінше, Шәуілдір, Темір ауылдары биыл қатты отын жағудан құтылады. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 1 млрд. 558 млн теңге қаржы қаралған.

Отырар

«Жалпы 2014-2016 жылдары 4 млрд 181 млн теңгеге ауданды табиғи газбен қамту жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Бүгінде 51,4 шақырым магистарлдық газ құбырын жүргізу және АГТС құрылысын салу жұмыстары аяқталған. Аудан көлеміндегі бір-біріне және Шәуілдірге жақын орналасқан 22 елдімекенге газ жүйесін жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттарын дайындауға бюджеттен қаржы бөлінген. Егер жоба толығымен іске асса, аудан халқының 71 пайызы көгілдір отынмен қамтылатын болады», – деді Ерлан Қуанышұлы.

Отырар

Мұнан соң аудан орталығындағы «Жанға шипа» медициналық орталығын аралады. Отырардан түлеп ұшқан кәсіпкер Қ.Төлемісовтің иелігіндегі мекемеде дәріхана, стомотологиялық кабинет, кардиограмма, УЗИ, ФГДС және рентген аппараттарымен жабдықталып, халыққа сапалы қызметтерін ұсынып отыр. Онда 15 адам жұмыспен қатылған.

Отырар

Бұған дейін Шымкент немесе Түркістан қаласына сабылатын науқастар енді өз ауылымызда да емделе беруге мүмкіндік туды деп қуанып отыр. Әсіресе, қызмет құнының қалтаға қонымдылығы көңіл қуантады дейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір