• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:08:38
Алматы
+35°

27 Желтоқсан, 2018 Әдебиет

31-дің түні. "Жан алғыш періште Ұшқынның үйіне жақындап келе жатты"

Ұшқын қарызға алған машинасымен бір байдың қызының атындағы ерен базарға (супер маркетқа) барып тоқтады

Жаңа жылдық дастархан

(Лездік әңгіме)

Қар торғай бастанып жауып тұр, кіршіксіз ақ ұлпа, қалықтап балаша мәз болып, көктен түсіп келе жатыр, мамық түйіршіктің алды күстана табандардың астына мыжылды, соңғысы оны көре тура солай құлдауда....

Ұшқын қарызға алған машинасымен бір байдың қызының атындағы ерен базарға (супер маркетқа) барып тоқтады, әйелі екеуі жыл бойы ауыздарынан жырып, түсте аш ішпей, кеште түлкі құрсақ жатып жинаған ақшаларына кәнігі байлар сияқты неше түрлі тағамдар және ащы су мен тәтті судың түр-түрін алды, көлігінің артқы жүк салғыш сандығы лықа толды. Мұхиттың аржағында мусорда қалған ескі көлік көк түтінін атып зорға оталды.

Таң атқанша қуаныштан шыдамы таусылды, келер күнді сағынды, ұйқысы келер емес, бала кезі есіне түсті, егемендік алған сол жылдар шешесі қолынан жетектеп балабақшаға апарған, жұрт кедейліктің қамытын мықтап киген сол кездің өзінде жаңа жылды асқан шат көңілмен тойлайтын, бүкіл қоғам желтоқсан айы туғаннан басқаша қуанып, корпоративтік бас қосу, туыстық дастархан, т.б. деп тойлауды бастап кетеді. Бұлардың бала бақшаның қақпасының сыртында әлем-жәлем шырша, оған ілінген сан мың түрлі сылдырмақ, шарлар күлміңдеп, жанында қолдан жасалған жалған тайпақ орыс шал жас қазақ қызын қолтықтап ән салып тұратын. Қазақтың қызын орыстар қолтықтаса болады екен-ғой деп риясыз сәби көңіліне сол кезде қалыптасқан, бақшаның іші тіл жетпес сан мың әлем, күлекештенетін мың сан қуыршақ пен сайқы мазақ әйкелдерге толып, үлкен бөлменің қақ төрінде даладағыдан басқаша жасыл шырша жанып-өшіп көз қысып,  құшағына шақыратыны әлі көзі алдында, бұлар бақыттан балқып, шыршаны айланып бірін-бірі тоқтаусыз қуалай беретін, қуып жеткендерді сүйістіретін, тәрбиешілері шапалақ соғып қолпаштап, ала бөртіп тұратын сондағы мерекелік көңіл-күй діліне мықтап сіңген.

Ақ мұртты, қызыл сақалды орыс шалы мен қазақтың тірі қызы қоржындарына қол салып,  орысша тақпақ айтқан балаға не ілінсе соны талғамай бере беретін, сонда Ұшқынның қолына бір жалған сәбіз тиіп еді, аузына салғанда пыласымас екен, артынша өзінің орысша тақпақты жақсы айта алмағанын ойлап, орыс шалды жек көрген жоқ. Міне, содан қалыптасқан жаңа жыл әліге бұның үйінде тойланып келеді, одан үлкен мереке жоқ бұлар үшін, таң да атты, дастарханды толтыра жайып, қонақтарын күтті, бір-бір ескі көлікті тізгіндеп, келіншектерін қолтықтап, қызара бөрткен жас пен жасамыстар стөлдің төңірегіне қонжиды. Күлкілері басында әуелеп, қалжыңдары қан жүгіртіп, бір жетісіп қалды, өзара тост айтып, стақан соғыстырып, шат көңілмен шарықтап, шаңарақты өз әлдерінше жырға бөледі.

Ащы суға әбден бас қойды, мас болды, түн де болды. Аспаннан сұмдық-сұмдық қара күштер түсіп жатты,  жердегілері де олардың тобын толықтырып, адамдардың көздеріне көрінбей қаскүнемдігін бастап кетті... Аталарынан көргені бойынша қолдарын ажайып,  сағат тілі он екіні көрсеткенде тілек айтты,  далаға шықты, қытайдың торсылдақтарын аспандата атты. Тарс-тұрс,  от шашулар толассыз атылуда. Алжыған әкесі «не боп кетті, немістер кеп қалды ма?», - деп орыс-неміс соғысына қатысқан жастық шағын еске алды. Түннің соңғы бөлігі түгелдей соғысқа ұласты, достарымен төбелесіп, тісі сынды, көзі көгеріп, өзімен-өзі сөйлесіп стөл басында жалғыз өзі сұлап жатты. Оның жиркенішті тәнін тастап, жаны үй төбесіндегі лампошкаға жабысты. Өлі дене жатыр, сәби кезіндегі көз алдынан өткен барлық өмірі, осылай аяқталатын сияқты болатын, түсінде иті аяғына оралып, қолын жалап, қалған мусорын жегеніне сонша қуанып, шалқалап жатып, жөнсіз еркелеп, иесіне шексіз алғыс білдірді, кәдімгі өзінің бастығына маймөңкелегеніндей, ал мысығы «сені де жаратқан Алла, мені де жаратқан Алла»,- деп үйдегі ең жылы жерде көзін ашып, иесін жақтармай, ала көздеп керіледі.

«Католик болып жан тапсыра ма, әлде мұсылман болып па»,- деп жан алғыш періште Ұшқынның үйіне жақындап келе жатты. Теледидарда қазақ жігіті орысша сол түнгі жаңалықты зарлап айтып жатты... қалада толассыз төбелестер болды, адам шығыны анықталу үстінде, сансыз үй өртенді, мың саң көлік апаты тіркелді, есепсіз қыз.....  елдің бір жылда жиғаны көкке ұшты.....

Нұрхалық Абдырақын

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір