30 жастағы келіншектен 20 жастағы бойжеткенге 20 кеңес

30 жастағы келіншектен 20 жастағы бойжеткенге 20 кеңес
Ⓒqamshy.kz

     Әр адам өзінің қанша жыл өмір сүретінін білмейді. Алда не күтіп тұрғаны да беймәлім. Әр адамның бір айтары бары – анық. Отызға келіп орда бұзбасам да, оңды-солымды біраз танып, ақ-қараны бір кісідей ажыра алатын жасқа келдім. Егер маған он жыл бұрын біреу денсаулығыңды күт деп айтса, дәл қазіргідей «кішігірім» қиындықтар болмас еді. Егер біреу он жыл бұрын маған кітаптар оқып ал, "өйт-бүйт" деп азын-аулақ кеңестерімен бөліссе, бірін ескермесем де, бірін ескеретінім, ол енді анық.

   Ендеше, "бүгінде ізімнен келе жатқан сіңлілеріме пайдасы  тиер" деп, өзім бастан өткізген, тәжірибеден өткен, ойымда жүрген кеңестеріммен бөлісуді жөн санадым...

  1. Денсаулығыңды күт. Әсіресе, тісіңді. Деніңнің сау болғаны - өзіңнен өзге ешкімге керек емес.
  2. Көз көріп, қолға ілініп, тіс батқанды жей берме. Талғап, таңдап же. Деніңнің саулығы тікелей не жейтініңе байланысты.
  3. Білім ал. Ізден. Талма. Қай заманда да тек білімді озады.
  4. Маубас болма. Ұйықтайтын жаста емессің. Ұйқыға уақыт табылар, бірақ уақыт сені күтпейді.
  5. Тіл үйрен. Ол білім көп нәрсеге есік ашады.
  6. Өзіңді, мүмкіндігіңді түрлі салада байқап көр. Өзіңді табуға, ішкі «меніңді» қанағаттандыруға тырыс. Бәлкім, амалсыздан ұстаз болып жүрген керемет сәулеткер шығарсың?
  7. Кең бол. Жақсылық та, жамандық та қайтады. Кейде тіпті еселеніп...
  8. "Жақсы жар нәсіп ет" деп, жақсы жар болуға ниеттеніп жүр. Лайықты жігіт кездесіп, ұсыныс жасап жатса, бас тартпа. Ерте тұрмыс құру - қыз бала үшін қай тұрғыдан да жақсы!
  9. Спортпен шұғылдан. Тым құрығанда, күнде таңертең 10-15 минут жаттығу жасауды әдетке айналдыр.
  10. Дінді тікелей өміріңе араластыр. Құлшылығыңды түзесең, тіршілігің түзелері хақ!
  11. Тек жұмыртқа қуыра білу – тым аз. Қашан, қандай адамға тұрмысқа шықсаң да, ол жанның тамақ жейтіні – айдан анық. Дайындай білетін тағамдардың тізімін көбейт.
  12. Жан-жақты бол. Ас бөлмесіндегі дастарқанның бір шетінде компъютерің қосылып, бір шетінде қамырың жайылып, орындығыңда тоқымаң тұратын келіншек болуың керек... Әйел қырық жанды деген сол.
  13. Көкейіңде жүрген кітаптарды оқып ал. Кейін уақытың болмайды. Жеке кітапханаңды толтыра бер... Түбі керек болады.
  14. Әке-шеше, бауырларды жиі ізде, жиі кездес. «Бір тумақ бар, бір жүрмек жоқ». Кейін өлердей сағынатын боласың... тіпті қарапайым отбасылық кешкі асты да... Жалғанда сені бар күйіңде туғаныңнан артық ешкім жақсы көрмейді. Қалғанының бәрі түбі «сатып» кетеді.
  15. Көштен қалма. Техниканың қай түрі болсын үйренуге, игеруге тырыс.
  16. Арзан көп заттан көрі, сапалы бір зат алуды үйрен. Көрсеқызар болма.
  17. Ақшаңды үнемдеп, жинап үйрен. Қай заманда да керек әдет.
  18. Әр жылы туған елдің көрікті бір жеріне баруды мақсат қой. Шетелге кейін жолдасыңмен барасың.
  19. Өз-өзіңе күтім жасауды бүгіннен, дәл қазірден баста. Ертеңге қалдыра берме. Ертең бүгіннен соң кешеге айналады. Демек, оралмайды... Жыл сайын қартайып бара жатқаның - ақиқат.
  20. Осы жазылғандарға атүсті қарамай, бәрін болмаса да, бірен-саранын жадыңда сақтап ал. Сонда "неге осыны дер кезінде маған ешкім айтпаған" деген кішігірім өкініште болмайсың. Сондықтан, бәріне бүгіннен талпын...

Мақпал Сембай

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Мақпал Мыса. Жүрек түбіндегі жаңғырық (сұхбат)
    17/02 16:59 0 148
    2
    HEALTH EXPO-2019» көрмесі: Медицина саласындағы мүмкіндіктер жүзеге асады
    16/02 23:20 0 152
    3
    Сексен төрттегі тарихи жеңіс!
    16/02 14:08 0 1866
    Әбу Наср әл-Фарабидің «Қайырымды қаласы» дұрыс зерттелді ме?
    16/02 13:42 0 361
    Адамдық мінбеден түсіп қап, Әйтеуір биіктеп барамыз
    16/02 10:42 1 413

    Таныстырылғандар

    Азат Перуашев: Қазақ жылқысына тек соғым деп қарамау керек
    Азат Перуашев: Қазақ жылқысына тек соғым деп қарамау керек
    Азат Перуашев: Қазақ жылқысына тек соғым деп қарамау керек
    Азат Перуашев Қостанай өңіріне сапары аясында «Қазақ тұлпары» жылқы зауытына барып, серіктестік басшылығымен кездесті
    Аудио тыңдау
    08/02/2019 15:49 0 755
    Шымкентте 6 балалы ананы пәтерінен қуып жатыр
    Шымкентте 6 балалы ананы пәтерінен қуып жатыр
    Шымкентте 6 балалы ананы пәтерінен қуып жатыр
    Үйдің иесі Астанадағы қайғылы оқиға қайталана ма деп қорқуда
    Аудио тыңдау
    08/02/2019 17:29 0 3984
    Назарбаев Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялады
    Назарбаев Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялады
    Назарбаев Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялады
    Мемлекет басшысы "Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
    Аудио тыңдау
    08/02/2019 17:38 0 554
    1998 жылы қайтыс болған ана мен 10 жастағы бала: Қылмыстың құпиясы биыл ашылды (фото)
    1998 жылы қайтыс болған ана мен 10 жастағы бала: Қылмыстың құпиясы биыл ашылды (фото)
    1998 жылы қайтыс болған ана мен 10 жастағы бала: Қылмыстың құпиясы биыл ашылды (фото)
    1998 жылы АҚШ-тың Солтүстік Королина штатынан 10 жастағы балалының мәйіті табылған.
    Аудио тыңдау
    08/02/2019 18:47 0 12170
    Біз баламызға не айтып жүрміз?
    Біз баламызға не айтып жүрміз?
    Біз баламызға не айтып жүрміз?
    Пайғамбарымыздың өзі (ﷺ): «Кімде-кім Ақырет күніне сенсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін»
    Аудио тыңдау
    11/02/2019 09:37 0 384
    Танымал актриса Данэлия Тулешованың әнінен кейін көзіне жас алды (видео)
    Танымал актриса Данэлия Тулешованың әнінен кейін көзіне жас алды (видео)
    Танымал актриса Данэлия Тулешованың әнінен кейін көзіне жас алды (видео)
    Ол "Голос. Дiти" украиналық байқауының жартылай финалында шырқаған "Rise up" әнін орындаған.
    Аудио тыңдау
    11/02/2019 10:30 0 774
    Президентіңіз арыстан ба, түлкі ме?
    Президентіңіз арыстан ба, түлкі ме?
    Президентіңіз арыстан ба, түлкі ме?
    Билік тағына жайғасқандар неге одан тұрғысы келмейді? Сол отырғанмен мол отырады...
    Аудио тыңдау
    11/02/2019 17:05 2 4173
    Министр Қасымов қызметінен кетті
    Министр Қасымов қызметінен кетті
    Министр Қасымов қызметінен кетті
    Елбасының жарлығымен Қалмұхамбет Қасымов жаңа қызметке тағайындалды
    Аудио тыңдау
    12/02/2019 15:24 10 2843
    Қасымов кетіп, орнына Тұрғымбаев келді
    Қасымов кетіп, орнына Тұрғымбаев келді
    Қасымов кетіп, орнына Тұрғымбаев келді
    2012 жылдың желтоқсан айынан бері ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарады.
    Аудио тыңдау
    12/02/2019 15:33 10 1114
    Димаш қытайларға Абайдың қара сөзін үйретуде (видео)
    Димаш қытайларға Абайдың қара сөзін үйретуде (видео)
    Димаш қытайларға Абайдың қара сөзін үйретуде (видео)
    Алғашында Димаш Абайдың "Айттым, сәлем қаламқас" әнін орындады.
    Аудио тыңдау
    13/02/2019 10:51 0 938
    Банк ВТБ бизнесмендерге қолдау көрсетпек
    Банк ВТБ бизнесмендерге қолдау көрсетпек
    Банк ВТБ бизнесмендерге қолдау көрсетпек
    Бизнесмендерге номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жылдық 8,5%-ға дейін жеңілдікті кредиттер беретін болады.
    Аудио тыңдау
    13/02/2019 15:50 0 199
    Алматыда халық аты аңызға айналған қара майорды ақтық сапарға шығарып салды
    Алматыда халық аты аңызға айналған қара майорды ақтық сапарға шығарып салды
    Алматыда халық аты аңызға айналған қара майорды ақтық сапарға шығарып салды
    Марқұммен қош айтысуға оның достары, әскерилер, әріптестері келді
    Аудио тыңдау
    14/02/2019 11:59 0 1878
    Ақтөбелік депутаттар көпбалалы ананың қарызын төлеп берді
    Ақтөбелік депутаттар көпбалалы ананың қарызын төлеп берді
    Ақтөбелік депутаттар көпбалалы ананың қарызын төлеп берді
    Алты балалы ана жатақхананың тар бөлмесінде тұрып жатыр.
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 09:55 0 358
    Жапон суретшісінің елді қаратқан ерекше суреттерін көрдіңіз бе?
    Жапон суретшісінің елді қаратқан ерекше суреттерін көрдіңіз бе?
    Жапон суретшісінің елді қаратқан ерекше суреттерін көрдіңіз бе?
    Адам ақыл иесі болған соң, кез келген сезім атаулыны жүрек арқылы өткізіп, не мінезімен, не шығармасымен, не әлдебір туындысымен көрсетіп жатады.
    Аудио тыңдау
    16/02/2019 10:24 0 609
    Депутат: "Мен әр балаға 20 мың теңгеден беру керек" деп айттым
    Депутат: "Мен әр балаға 20 мың теңгеден беру керек" деп айттым
    Депутат: "Мен әр балаға 20 мың теңгеден беру керек" деп айттым
    Жанұясы жайлы сөз қозғаған ол әйелінің декрет демалысында екенін айтты
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 16:33 0 4825