• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:53:14
Алматы
+35°

12 Қазан, 2018 Саясат

30 қазанда Алматы қаласында Қазақстан – Малайзия Іскерлік кеңесі өтеді

Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан мен Малайзия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Қазақстан – Малайзия Іскерлік кеңесінің  инаугурациялық отырысына қатысуға шақырады, отырыс шеңберінде екі елдің мемлекеттік және іскерлік топтарының қатысуымен бизнес-форум өтеді.

Іс-шараның басты мақсаты – қатысушыларды Қазақстан Республикасы мен Малайзия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерімен таныстыру, сондай-ақ әлеуетті бірлескен жобаларды талқылау, бизнес әріптестерді іздеу және елдер арасындағы іскерлік байланыстарды жандандыру үшін алаңдар ұсыну. 

Бизнес-форум шеңберінде В2В кездесулер өткізу, өзара түсіністік туралы бірқатар меморандумдарға және ынтымақтастық туралы шарттарға қол қою жоспарланып отыр.

Іскерлік кеңес жұмысына Қазақстан мен Малайзияның ресми тұлғалары, екі елдің ұлттық компанияларының, экономиканың түрлі секторларындағы ірі бизнес өкілдері қатысады деп күтілуде.

Бизнес-форумға тіркелу мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://goo.gl/forms/qr5R1gPEXlkd73oA3

Іс-шара өтетін күн және орын: 2018 жылғы 30 қазан, Алматы қ., «Royal Tulip Almaty» отелі. Басталуы: 09.00.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: «MATRADE» Малайзияның сыртқы сауданы дамыту корпорациясының қолдауымен Қазақстан-Малайзия Іскерлік кеңесі, Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігі, «Атамекен» ҚР ҰКП және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір