• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 14:03:43
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2019 Әлем

28 жастағы қылмыскер мешіттегі атысты видеоға түсірген (видео +18)

Мешітке шабуыл жасаған жігіт өзін Брентом Тарант деп таныстырды.

Жаңа Зеландиядағы мешітте атыс болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-тың дерегін негізге алып. Сұмдық оқиға Крайстчерч қаласында орын алған. Атыстың салдарынан қаза тапқандардың саны 27-ге жетті. 

Қазір қаладағы мектептер мен ауруханаларды жауып тастады. Сондай-ақ билік қала тұрғындарына үйден шықпау керектігін ескертті. 

Мешітке шабуыл жасаған жігіт өзін Брентом Тарант деп таныстырды. 28 жастағы австралиялық өзінің теракт жасағанын мойындады.

Мешітке шабуыл жасаған қылмыскер екеу болған. Бірі Әл-Нұр мешітіне жақындаған кезде екінші қылмыскер тікелей эфир арқылы видеоға түсірген. Видеодан мешітке шабуыл жасаған жігіттің көлігінен қару-жарақ алып жатқанын көруге болады. Көліктің алдыңғы және артқы орнында қару-жарақ көп екені де байқалады. Қару-жарақты асынған күйі мешітке баса көктеп кіріп, оңды-солды оқ ата бастайды. Араға 3 минут салып қылмыскер мешіттен шығады да, көшедегі көлік жүргізушілеріне бірнеше рет оқ атады. Кейін бірнеше оқ-дәріні алған соң мешітке қайтадан кіріп, тірі қалғандардың бар-жоғын тексермек болады. Бірнеше рет оқ атқан соң, көлікке мініп, жоғары жылдамдықпен оқиға орнынан қашып кетеді. 

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір