• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:18:48
Алматы
+35°

30 Мамыр, 2017 NEWS

25 жыл түрмеде отырған ер адамның кінәсіз екені дәлелденді

Мичиган соты 1992 жылы кісі өлтіргені үшін сотталған Десмонд Риксаны бостандыққа шығарды деп хабарлайды шетелдік БАҚ. Белгілі болғандай, адамды атып...

Мичиган соты 1992 жылы кісі өлтіргені үшін сотталған Десмонд Риксаны бостандыққа шығарды деп хабарлайды шетелдік БАҚ. Белгілі болғандай, адамды атып өлтіргендегі оқ пен тапанша және айыптаушылар тарапынан берілген оқ пен тапанша екі түрлі болып шыққан. Ол Джерри Беннеттың өліміне ешқандай қатысы болмай шықты.

Десмонд Рикс 25 жыл бойы өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуге тырысқан. 2015 жылы заңгерлер өлтірілген адамның денесінен алынған оқтың фотосын алған. Ол 1992 жылы көрсетілген оқ емес болып шықты.

Десмонд Риксаның адвокаттары істі қайта қарауды талап етті. 51 жастағы Десмонд бостандыққа шықты. Алайда нақты шешім 1 шілдеде қабылданады.

«Мен қайғырмаймын. Ашуланбаймын. Керісінше қуаныштымын. Мен жұмысқа орналасқым келеді. Мемлекетке салық төлеуді қалаймын» дейді Десмонд Рикса. 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір