• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:54:37
Алматы
+35°

11 Наурыз, 2019 Оқиғалар

Алматыда туған 25 жастағы Диана Ричмондтың әкесі католик дінін ұстанған англиялық болса, анасы қазақ болған. Диананың әкесі қызын католик дінін ұстанып, тәрбиеленгенін қалаған. Алайда Диана Ислам дінін таңдайды. Диана осыдан бірнеше жыл бұрын хиджаб кигенін, алайда кейін хиджабтан бас тартқанын айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Диана мектеп бітіріп Дубайға оқуға кетеді. Сол жақта жүрген кезде араб жігітін кездестіріп, жақын араласа бастайды. 

"Мен сол жақта араб жігітін ұнаттым. Біз 1 жылдан астам уақыт жақын араласып жүрдік. Кейін мен хиджаб киюге бекіндім. Жігітім және оның отбасы қатты қуанды. Ал менің ата-анам бұған қолдау білдіре қоймады. Әкем католик дінін ұстанғанымды қалады. Менің хиджаб кигенім әкем үшін ауыр соққы болды. Тіпті біраз уақыт бойы менімен сөйлеспей қойған",- дейді Диана. 

Алайда Диана тойға дейін түсініспеушілік орын алып, араб жігітпен қосыла алмаған. Кейін араға 1 жыл салып хиджабтан бас тартқан. 

"Көпшілік оранған қызды көрген кезде оның пәк, таза деп ойлайды. Мен бұған лайық болмадым. Менің ішкі дүнием сай келмеді. Сол себепті екіжүзділік танытқым келмеді. Кейін хиджабтан бас тарттым. Менің бұл шешімімнен кейін бірнеше дос-жарандарым менімен араласпай қойды",- дейді 25 жастағы Диана. 

Диананың айтуынша, араб жігіттері уәдеге берік, айтқанын орындамай қоймайды. Біраз уақыт өткен соң Диана Қазақстанға демалуға келеді. Сол кезде ол болашақ жарын жолықтырады. Қазір Диана қазақ жігітіне күйеуге шыққан.  Бірақ бірінші қызды дүниеге әкелгеннен кейін Арабияға көшіп кетеді. 

"Мен оқуымды жалғастырамын. Әжем балаға қарады. Ал күйеуім жұмыс іздеді, бірақ таппады. Күйеуіме Арабия аса ұнамайтын. Кейін оған Қазақстаннан жақсы жұмыс ұсынып, елге оралды. Мен оқуымды аяқтап барамын дедім. Оқуымды аяқтағаннан кейін мен де Қазақстанға ораламын. Сол жақта бизнес ашсам деген жоспарым бар",- деді Диана. 

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір