• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:47:50
Алматы
+35°

03 Маусым, 2017 Әлеумет

24 жыл бойы жертөледе қамауда болған қыз өз әкесінен 7 баланы дүниеге әкелді (ФОТО)

Осыған дейін жасөспірімдерге зорлық-зомбылық жасауға байланысты түрлі ақпараттар жарияланған болатын. Әлемде сан түрлі сұмдықтар орын алып жатыр....

Осыған дейін жасөспірімдерге зорлық-зомбылық жасауға байланысты түрлі ақпараттар жарияланған болатын. Әлемде сан түрлі сұмдықтар орын алып жатыр. Жасөспірімдерді зорлау олардың психикасы үшін өте ауыр соққы болатыны белгілі. Бөтен ер адамдар есін білмейтін сәбилерге не үшін сонша құмар болады екен? Өзге еркек былай тұрсын, әкесі өз туған қызын қорлап, азаптап, зорлауы ғаламшардағы ең сұмдық жағдай. Бірақ өз әкесі қалайша өзінің туған қызын азаптауы  мүмкін?! Өкінішке орай осындай жағдай Австралияда болған екен.

Йозеф Фритцль өз қызын 24 жыл бойы қамауда ұстаған. Қызын іздестіріп жүрген полиция қызметкерлеріне 18 жасында бөлек кеткендігін айтқан екен.

Оның қызы Элизабет жертөледе қамауда болған кезінде өз әкесінен 7 баланы дүниеге әкелген. Қамауда болған қыздың 3 баласы ешқашан жертөледен шықпапты.  Элизабеттің  1 баласы дүниеге келмес бұрын шетінеп кеткен. Ал қалған балаларды Фритцль кішкентай кезінде жертөледен алып кетіпті.

Біраз жылдан кейін Элизабет қатты ауыра бастады. Ол медициналық тексеруден өту керек болатын. Оның әкесі тексеріс кезінде қасында бақылап жүрген екен. Алайда біраз уақыттан кейін Элизабет сенімді адамға өзінің оқиғасын айтып береді. Сосын Фритцльді қамауға алып, өмір бойы бас бостандығынан айрылады. 

Аударған: Әсел Өтешова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір