«24 жасымда өз атымды да жаза алмаймын»

«24 жасымда өз атымды да жаза алмаймын»
Ⓒвидеодан алынған

Аты бар да, заты жоқ! Түркістан облысында ата-анасынан айырылған тұл жетім азаматтығын дәлелдей алмай жүр. 24 жастағы жігіт тұрақты мекенжайы болмағандықтан, мектепке бармапты. Салдарынан кітап оқымақ түгілі, хат танымайды. Тіпті, өзінің аты-жөнін де жаза алмайды екен. 18 жыл бойы әркімнің қоластында жұмыс істеп, далада түнеп келген. Өмірден өз орнын таба алмай жүрген кейіпкер туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ырысбек Жаңабеков – Түркияның тумасы. Әкесінен бес, ал, анасынан алты жасында айырылған ол әлдекімдердің ықпалымен осыдан он сегіз жыл бұрын Қазақстанға келіпті.  Содан бері Жетісайда тұрып жатыр. Кезінде құжаттары болмағандықтан, мектепке де бармапты. Әріп танымағандықтан, аты-жөнін де қағазға түсіре алмайды.

Ырысбек құжатсыз жүргендіктен талай мәрте өз құқығын қорғай алмай қор болғанын айтады. Тек, жуырда ғана жергілікті заңгер Әмірхан Аманкелдиевтің көмегімен төлқұжатқа ие болыпты. Сөйтіп, бірден тұрғын үй кезегіне өтініш тапсырған. Оған дейін далада түнеуге мәжбүр.

«Қазір бір үйде тұрғанмын, ол сатылайын деп жатыр ғой. Сәл оқығанмын, жоғары оқу орнына түсуім керек қой. Ары қарай жұмыс істеуім керек» - дейді Жетісай қаласының тұрғыны Ырысбек Жаңабеков.

Ырысбек  өмірінде дәрігердің қабылдауында болмағанын айтады. Соның әсері болса керек, қазір денсаулығы аздап сыр беріп жүр екен. Басы ауырып, балтыры сыздаса, өзінше ем-дом жасауға дағдыланып алыпты. Оның жағдайынан хабардар болған аудан әкімдігі жауапты тұлғалар жуырда медициналық тексеруден өткізіп, қысқа мерзімді курстарға жібереміз деп отыр. Әріп таныған соң, ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырмақ.

«Бұл жігіт бізге келіп, егер медицина жағынан тексеріліп, ақыл-есінің дұрыстығы, жұмысқа қабілетті деп танылып жатса, біз бұл жігітке мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіледі, соның бәрін көрсетуге дайынбыз. Ол,  бірінші - оқыту, екінші  - жұмыспен қамту» - дейді Жетісай ауданы әкімінің кеңесшісі Айдар Сейдазым.

Ырысбек осы күні әркімге жалданып, еңбек етеді. Тапқан табысын күнделікті тамағына жұмсайды. Кәмелеттік жасқа толғандықтан, мемлекет тарапынан оған ешқандай жәрдемақы тағайындалмайды екен. Егер денсаулығында қандай да бір кінәрат табылатын болса, онда сөз басқа дейді мамандар.

«Басым ауырады, құлап қала беремін деген әңгімелерді айтып отыр. Ал егер расында басы ауырып, құлап қала беретін жайы болатын болса, бұл кісі орталық емханаға барып, сол жерден дәрігерлерге көрініп, аудандық ВКК комиссия бар ғой, сол комиссиядан өтіп, иә, мынандай ауруы бар деп анықтайтын болса, онда мүгедектік тағайындалады» - дейді Жетісай аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов.

Өмірден қанша теперіш көрсе де 24 жастағы жігіт еш жасымаған. Армансыз да емес.  Тездетіп білім алып, жақсы бір маман болуды мақсат етіп отыр. Отбасылы болу да ойында бар.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Ақындардың шығармашылық кештері жаңа форматта өтпек
    20/10 02:10 0 149
    2
    «Мұзбалақты» көрдің бе?
    19/10 18:04 0 664
    3
    Қызыңыз үйде ме, әлде табыс табам деп кафе жағалап жүр ме?
    19/10 17:44 0 1251
    Қазақстандық YouTube-та казино мен брендті жарнамалауға тыйым салынған
    19/10 17:29 0 311
    Хабибтің әкесі Макгрегорды Дағыстанға қонаққа шақырды
    19/10 17:20 0 1482

    Таныстырылғандар

    Мінгенмен, түсуі қиын Астанадағы автобустар халықты әбігерге салды (видео)
    Мінгенмен, түсуі қиын Астанадағы автобустар халықты әбігерге салды (видео)
    Мінгенмен, түсуі қиын Астанадағы автобустар халықты әбігерге салды (видео)
    Астана қаласының тұрғыны Дулат Ағаділ автобуста мініп-түсудің қиындап кеткенін айтты
    28/09/2018 15:41 0 2594
    Түркі мемлекеттері Түркістанға бір-бір аудан салып берсе...
    Түркі мемлекеттері Түркістанға бір-бір аудан салып берсе...
    Түркі мемлекеттері Түркістанға бір-бір аудан салып берсе...
    «Әр түркі мемлекеті Түркістанға бір-бірден аудан салып берсе», - деп жазды Фейсбук қолданушысы Садық Шерімбек Елбасының Түркістан облысындағы сапарынан кейін.
    01/10/2018 11:21 0 3607
    Ескі фотоның тарихы. Жапондық бала өз інісін өртеуге әкелді
    Ескі фотоның тарихы. Жапондық бала өз інісін өртеуге әкелді
    Ескі фотоның тарихы. Жапондық бала өз інісін өртеуге әкелді
    Бұл суретті 1945 жылы Жапонияда америкалық фототілші Джо О^Доннел түсірген.
    01/10/2018 12:38 0 7614
    Жаңаөзен оқиғасының белсендісі Мақсат Досмағамбетовті ақтық сапарға шығарып салды
    Жаңаөзен оқиғасының белсендісі Мақсат Досмағамбетовті ақтық сапарға шығарып салды
    Жаңаөзен оқиғасының белсендісі Мақсат Досмағамбетовті ақтық сапарға шығарып салды
    Жаңаөзенде 1-қазанда Жаңаөзен оқиғасына қатысты сотталып, жазасын өтеп шыққан белсенді Мақсат Досмағамбетовті жерледі
    02/10/2018 09:53 0 3519
    Алматыда жылу маусымы қашан басталады
    Алматыда жылу маусымы қашан басталады
    Алматыда жылу маусымы қашан басталады
    Жаңа жылу маусымына дайындық жұмыстарының барлығы белгіленген кестеге сай жүруде.
    09/10/2018 15:37 0 835
    Шерағаңның шындығы...
    Шерағаңның шындығы...
    Шерағаңның шындығы...
    Халықтың тағдыры таразыға түсіп жатқанда маған жеке адамның амбициясы көк тиын.
    10/10/2018 13:30 0 1651
    Оралхан Бөкейдің ұстазы Шерағаңа жазғаны...
    Оралхан Бөкейдің ұстазы Шерағаңа жазғаны...
    Оралхан Бөкейдің ұстазы Шерағаңа жазғаны...
    Аға! Мен Сізді ешқашанда аты-жөніңізбен атаған емеспін.
    10/10/2018 14:07 0 13668
    Көкем көкке көтерілген күн...
    Көкем көкке көтерілген күн...
    Көкем көкке көтерілген күн...
    Ұлы жазушының жанындай жақсы көретін туған жері бір қайғылы хабардың тарайтынын сезгендей түнерген қабағын ашпады.
    10/10/2018 16:13 0 1486
    Астана әкімдері және Бақыт Сұлтанов
    Астана әкімдері және Бақыт Сұлтанов
    Астана әкімдері және Бақыт Сұлтанов
    Осыдан тура бір ай бұрын тағайындалған сегізінші әкім Сұлтанов мырзаның өмірбаянына көз жүгіртсек, әкімдіктерде істеп көрмеген екен.
    11/10/2018 10:26 0 2872
    «Ұлтшылдан» неге жеріндік?
    «Ұлтшылдан» неге жеріндік?
    «Ұлтшылдан» неге жеріндік?
    Мәдениеттен жырақ жатқан қазақ секілді жұртты салғаннан көпшіл қыламын демей, әуелі ұлтшыл қылу керек
    11/10/2018 16:39 1 1979
    Танымал заңгер тегін құқықтық кеңес береді
    Танымал заңгер тегін құқықтық кеңес береді
    Танымал заңгер тегін құқықтық кеңес береді
    Анықтама үшін байланыс құралдары 8(7242)70-25-20, 87789255308.
    12/10/2018 11:26 0 1080
    "Қазақ құл болды, басынан ерік, малынан билік кетті"
    "Қазақ құл болды, басынан ерік, малынан билік кетті"
    "Қазақ құл болды, басынан ерік, малынан билік кетті"
    Алаш қайраткерлерінің аңсаған арманы өз жерімізде, өз елімізде ана тілін төрге шығару болатын.
    12/10/2018 16:38 0 2031
    Қазақ тойына «өзбек ережесі» керек
    Қазақ тойына «өзбек ережесі» керек
    Қазақ тойына «өзбек ережесі» керек
    Алик Шпекпаев өзінің Facebook-тегі әлеуметтік парақшасында аста-төк тойдан бас тартуға шақырды.
    19/10/2018 12:26 0 1482
    Қызыңыз үйде ме, әлде табыс табам деп кафе жағалап жүр ме?
    Қызыңыз үйде ме, әлде табыс табам деп кафе жағалап жүр ме?
    Қызыңыз үйде ме, әлде табыс табам деп кафе жағалап жүр ме?
    Даяшылыққа қызметке алу үшін қысқа юбка киюін талап ететін «кастингшіл» мейрамханалар да бар көрінеді.
    19/10/2018 17:44 0 1251