• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:17:48
Алматы
+35°

11 Сәуір, 2019 Саясат

23 сәуірде «Nur Otan» партиясының съезі өтеді

23 сәуірде «Nur Otan» партиясының съезі өтеді

Бұл туралы партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партияның Орталық аппаратында өткен жиында айтты.

– Еліміздегі жетекші саяси партия ретінде «Nur Otan» президент сайлауына белсенді түрде қатысады. Партия Төрағасының тапсырмасына сәйкес партиямыз сайлауға қатысу үшін өз кандидатын ұсынады. Соған байланысты бүгін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жылдың 23 сәуірінде партияның кезектен тыс XIX съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойды. Сол съезде «Nur Otan» атынан сайлауға қатысатын кандидаттың есімі белгілі болады, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ ол кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы шешімнің өте орынды әрі уақытылы қабылданғанын айтып, «Nur Otan» партиясының аталған тарихи шешімді қолдайтынын жеткізді.

– Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы шешімін толығымен қолдаймыз. Бұл биліктің тұрақтылығы мен елдің бірлігін нығайту үшін қабылданған уақытылы әрі өте орынды шешім. «Nur Otan» партиясы сайлау науқанына тас-түйін дайын. Ол үшін біз өзіміздің ұйымдастырушылық, кадрлық, саяси және ақпараттық әлеуетімізді пайдаланып, заң аясында жұмыс істейміз. Сайлау еліміздегі тұрақтылық пен бірліктің одан әрі күшеюіне оң әсерін тигізіп, халықты Елбасының саясаты аясында жаңа мақсаттарға жетелейді деп сенеміз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Жиын соңында Мәулен Әшімбаев партияның Орталық аппараты мен барлық деңгейдегі филиалдарына және бастауыш партия ұйымдарына алдағы сайлау науқанына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір