• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:47:45
Алматы
+35°

28 Қараша, 2017 Аймақтар

2025 жылға дейінгі стратегия: бәсекеге қабілетті ұлттық индикатор

Құжат 2020 жылға дейінгі даму жоспарының орнына әзірленді.

Еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары бекітілді, деп хабарлайды Qamshy.kz

Министрлер кабинеті бірнеше ай бойы қызу талқыланған құжатты бірауыздан қолдады. Оны талқылауға беделді сарапшылар, ірі компаниялар мен Дүниежүзілік банк өкілдері қатысты. Стратегиялық жоспар Қазақстанның экономикалық өсімінің жаңа моделін құрып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

Оның басты мақсаты – еліміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру. Құжатқа сәйкес адам капиталын, өндірісті арттыру, бизнеске қолдау көрсету, жалпы ішкі өнімді ұлғайту сынды 7 реформа орындалады.

– 2025 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары Қазақстанның үшінші жаңғыру бәсекеге қабілеттілік жолдауын жүзеге асыру мақсатында әзірленген. Бірінші деңгейдегі құжат болып табылады. Құжат 2020 жылға дейінгі даму жоспарының орнына әзірленді. Халықтың пікірі ескерілді. Өңірлі фокус топтармен кездесу өткізілді, - деп атап өтті ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жиында.

Елбасы жолдауында «Бүгін мен Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырмын. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет», деп көрсетілген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір