• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:49:57
Алматы
+35°

13 Наурыз, 2019 NEWS

2019 жылы доллардың құны қалай өзгереді?

Руслан Даленов 2019 жылға арналған макро көрсеткіштердің қайта қаралған болжамын ұсынды

Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов 2019 жылға арналған макро көрсеткіштердің қайта қаралған болжамын ұсынды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz-тің дерегін негізге ала отырып. 

"2019 жылға арналған макро көрсеткіштер бойынша болжамдарды түзетудің негізгі факторлары 2018 жылға ЖІӨ деректерін жариялау, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібі мен қызмет көрсету секторының динамикасының өзгеруі болды.Осылайша 2018 жылы ЖІӨ көлемі 58,8 триллион теңгені құрады. Бұл 2019 жылы бағалаудың жақсы көрсеткіші" деп баға берді Руслан Даленов.

Оның айтуынша, мұнай өндіру көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 1,4 миллион тоннаға немесе 1,5% -ға төмендейді, бұл тау-кен өнеркәсібінің өсу қарқынының төмендеуіне әкеледі.

Сонымен бірге қызмет көрсету секторында жоғары өсулер күтілуде. Қызмет көрсету секторының өсу  негізі — ішкі сұраныстың артуынан. Сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, болжам бойынша 2019 жылға арналған негізгі көрсеткіштер бұрын бекітілген деңгейде сақталады: мұнайдың бір баррелі  55 доллар болса,  теңге бағамы — бір АҚШ доллары үшін 370 теңгені құрайды — деп хабарлады ведомство басшысы.

— Өнеркәсіптің өсуі 1,6%-ды құрайды. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі тау-кен өнеркәсібіне қарағанда өседі. Экспорт 0,3 миллиард долларға, импорт 54,4 миллиардқа артады. Жоғарыда аталған даму факторларын ескере отырып, ЖІӨ нақты өсуі 2019 жылға қарай 3,8%-ға бағаланады. 2019 жылы номиналды ЖІӨ 64,3 триллион теңгеге болжанып отыр, бұл алдыңғы бағалаудан 323,5 миллиард теңге жоғары. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 9 409 АҚШ долларын құрайды, - деп қорытындылады Даленов.

Аударған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір