• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 17:08:49
Алматы
+35°

23 Ақпан, 2018 Аймақтар

2018 жылы ШҚО жолдарын жөндеуге 2 есе көп қаржы жұмсалады

ШҚО былтырмен салыстырғанда биыл жолдарды жөндеуге екі есе көп қаражат бөлінбек

ШҚО былтырмен салыстырғанда биыл жолдарды жөндеуге екі есе көп қаражат бөлінбек. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, жолдарды жөндеу мен қайта құруға бағытталған жұмыс көлемін екі есеге ұлғайту аймақаралық мобильділікті арттыруға мүмкіндік береді.

2018 жылы аймақта 120 шақырым облысаралық жолдарды жөндеу жоспарланып отыр. Жөндеу жұмыстары Семей - Қарауыл, Бородулиха - Шемонаиха, Мақаншы - Жалаңашкөл бағыттары бойынша жалғасады.  

Аудандық маңыздағы және ауылдардағы көше-жол желілері де назардан тыс қалмақ емес. Бұл санаттың 88 шақырымы жөнделмек. Ал Өскеменде – 25, Семейде - 35, Риддер мен Аягөзді, Жарма және Шемонаиха аудандарын қосқанда тағы 28 шақырым аумақты жаңарту жұмысы тұр.

Сондай-ақ, шекара маңы аймақтарын және рекреациялық ауданды дамыту мақсатында Марқакөл көлінің маңындағы ұзындығы 3,8 шақырымды құрайтын «Теректі - Ұрыңқай - Төсқайың» бағытын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, жолдарды жөндеу мен қайта құруға бағытталған жұмыс көлемін екі есеге ұлғайту аймақаралық мобильділікті арттырады.

– Облыс аумағындағы жолдарды жөндеп, қайта қалпына келтіру арқылы аймақаралық мобильділікті арттырамыз. Биыл бұл жұмыстарға өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп қаржы бөлінді, яғни, ішкі және сыртқы ресурс көздерінен 82,3 млрд. теңге қаржы құйылады, – деді Даниал Ахметов әкімдіктің кезекті жиынында. – Облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасына жағдайы жақсы жолдардың деңгейін 70-85% дейін жеткізуді тапсырамын.

Өткенді шолсақ, былтыр өңірдің 86 шақырым жолына орташа жөндеу жүргізілді. Алакөл, «Алтай Альпі» демалыс базасы, Абай ауданының Жидебай мекені, Күршімге дейінгі паром өткелінен Бородулиха-Шемонаиха бағытындағы жолдар қамтылды. Тізімде Зырян, Зайсан және Үржар аудандары да бар. Өскемен мен Семейдің, бұдан бөлек бірқатар елді-мекеннің ішкі көшелерінің басым бөлігі жөнделді.

Сондай-ақ, Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында облыстық және аудандық маңыздағы жолдарды жөндеуге қосымша қаржы көзін тарту үшін ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен келіссөздер жүргізілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір