• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 15:37:58
Алматы
+35°

19 Наурыз, 2019 Аймақтар

2018 жылы қолданысқа енген дрондар пошта жеткізілімін 10 есеге арттырды

Бүгін «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сарсенов компанияның былтырғы жылғы жетістіктері мен биылғы жоспарлары туралы баяндады

Бүгін «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сарсенов компанияның былтырғы жылғы жетістіктері мен биылғы жоспарлары туралы баяндады. Мәлімдеме «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның баспасөз конференциясында өтті.

2018 жыл ұлттық пошта операторы үшін өте табысты жыл болды. Атап айтқанда, кіріс көлемі 11 пайызға өсіп, таза пайда - 272 млн. теңге құрады. Осы ретте, жаңа технологиялардың да алар орны зор. Неге десеңіз, ұшқышсыз ұшақтар пошта жеткізілімін 10 есеге арттырыпты.

«2018 жылы «Қазпошта» ұшқышсыз ұшақтармен поштаның жеткізілімінің 10 есе арттырды. Өткен жылы дрондар көмегімен 11 000 кг мерзімдік бысылым тасымалданды. Баспа басылымдырын ауылдарға жеткізу кезінде дрондар  460 сағат ішінде 74 мың км ұшып өтті. Бұл жоба Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарындағы 150 елді мекенді қамтиды. 4 кг-ға дейін жүк көтере алатын 20 дрон іске қосылды», – дейді С. Сарсенов. 

Сондай-ақ, компания «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында бірқатар жұмыстар атқарып жатыр. Мәселен, 2018 жылы цифрлық офистердің қызметтерін 22 400-ден астам адам пайдаланған. Бұған қоса, ұлттық пошта операторының көмегімен 763 мың 524 қазақстандық цифрлық сауаттылық курсынан өткен.

Компания ел тұрғындарына сапалы қызмет көрсету мақсатында жақында есепке алу пошта жүйесін іске қосты әрі 160 франчайзи кәсіпкерлерін серіктестікке тартты.

«2018 жылы «Қазпошта» АҚ post.kz онлайн-қызметтерінің гипермаркетін дамытуға жеке назар аударды. Порталдағы жеке тұлғалар үшін ПИК, балабақшалар, көлік және әлеуметтік карталар немесе кез-келген басқа бұқаралық қызметтер сияқты 6 мың түрлі қызмет түрлерін  төлеу мүмкіндігі іске қосылды. Нәтижесі - күніне 500-1000 жаңа тіркелім және бүгінгі күні порталдың 620 мың бірегей пайдаланушысы бар. Ұлттық компанияның 60 мың клиенті күнделікті порталды, ал 21 мың клиенті мобильдік қосымшаны пайдаланады», – деп атап өтті Басқарма төрағасы.

Ал пошта операторының 2019 жылға арналған жоспарлары да аз емес. Ірі жобаларды іске асыру мен көп нәтижелерге қол жеткізу көзделіп отыр. Мәселен, «Қорғас» ШЫХО-дағы кеден қоймасы ашылмақ. Қытайдан Еуропаға және Орталық Азияға пошталық жөнелтілімдердің транзитіне де көп көңіл бөлінбек. Бұдан бөлек, электрондық коммерция мен франчайзингтық желісі дами түседі. Осылайша, цифрлық жобаларды дамыту сынды бағыттар күн тәртібінде болмақ.

Айта кетерлігі, Қазпоштаның цифрлық технологияларды қолданып, барлық процестерді автоматтандыруының нәтижесінде 2018 жылы жеткізілім уақыты 10-нан 6 күнге дейін қысқарды. Ал бұл көрсеткіш 2019 жылы небәрі 3 күнді құрайтын болады.

Биыл жүзеге асатын жағымды жаңалық ретінде 15-ші сәуірде Шымкент қаласында ашылатын алғашқы Е-commerce орталығын айтсақ болады. Бұған қоса, Түркістан облысында тағы да фулфилмент-орталығы ашылып, ол Өзбекстанмен жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға атсалысатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір