• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:03:32
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2018 NEWS

2018 жылы қандай заңдар күшіне енді?

Ит жылындағы тағы бір жағымды жаңалық, шілдеден бастап елімізде  базалық зейнетақы мен жәрдемақы 8 пайызға өсед

Жыл басы қаңтарда бірқатар заңдар өз күшіне енді. Мәселен, көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл көлемі төмендейді. Ол бойынша көлік тізгіндегендерге бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Сонымен қатар, биылдан бастап педофилдер химиялық жолмен жазаланады. Ал, қаңтардың бірінен ең төменгі жалақы мен зейнетақы көлемі де өзгерді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мәселен, көлігін мүгедектерге арналған тұраққа қаңтарғандарға бірінші қаңтардан бастап 22 мың теңге айыппұл салынады. Осыған дейін оның көлемі 113 мың теңге болатын. Ал, қарсы жолаққа шыққан көлік иелері осыған дейін бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылса, енді екі ай көлік тізгіндемейді. Машина шамын жақпау секілді ұсақ жол ережелерін бұзғандарға енді жол-патрульдік полициясы тек ескерту жасайтын болды.

Педофилдерді химиялық піштіру жазасы 2018 жылдың бірінші қаңтарынан күшіне енді. Химиялық кастрация қолдануды сот шешеді. Түрмеде педофилге еркектік қуатын әлсірететін дәрі егіледі. Сонымен қатар, сотталушы бостандыққа шыққаннан кейін де 3 жыл қатаң бақылауда болады.

Ит жылындағы тағы бір жағымды жаңалық, шілдеден бастап елімізде  базалық зейнетақы мен жәрдемақы 8 пайызға өседі. Осылайша, зейнетақының төменгі мөлшері 49 мың, орташа көлемі 71 мың теңге болмақ. Сондай-ақ, ең төменгі күнкөріс деңгейі 28 мың теңгеге дейін көтерілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір