• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:15:46
Алматы
+35°

29 Шілде, 2018 Аймақтар

2018 жылы Ақтөбе облысы өртпен қалай күресті?

Облыс аумағында 9 өрт шығуын бақылау орындары жұмыс істейді.

Өртенген жерлердің жалпы алаңы 2800 га құрайды. Бұл туралы Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында облыстық ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және алдын-алу қызметі басқармасының бастығы Евгений Овчарский хабарлады.

«Ағымдағы жылы дала өрттері тіркелінген жоқ. 73,7 га жерде 7 орман өрті болды. Ерікті өрт сөндіру құрылымдарының жиналуы, шығуы және өртті сөндіруі және олардың басқа қызметтермен өзара байланысы бойынша дағдыларды қалыптастыру мақсатында Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында 31 өрт сөндіру-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

Елді-мекендерде 343 ерікті өрт сөндіру құрылымдары құрылды, оларға 3211 адам кіреді», - деді Евгений Овчарский. Құрылымдарда 789 бірлік ыңғайластырылған техника, 8 8 өрт сөндіру автомобилі. 202 өрт сөндіру мотопомпа мен 1519 аспалы бүріккіштер бар. Сондай-ақ, республикалық және облыстық маңыздағы жолдардың, орман шаруашылығы мекемелерінің, теміржолдардың бойын өртке қарсы жырту жөніндегі алдын-алу іс-шаралары жүргізілді, 22,5 млн.теңге сомасына Ырғыз, Қарғалы, Хромтау, Шалқар және Алға аудандарында өрт шығуын бақылау орындары құрылды.

Тұтастай алғанда облыс аумағында 9 өрт шығуын бақылау орындары жұмыс істейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір