• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:58:21
Алматы
+35°

25 Сәуір, 2018 Аймақтар

2017 жылы зейнеткерлерге мемлекеттік кепілдік ретінде 12,8 млрд тг төленген

2017 жылда зейнеткерлерге мемлекеттік кепілдік ретінде 12,8 млрд. теңге төленген

2017 жылда зейнеткерлерге мемлекеттік кепілдік ретінде 12,8 млрд. теңге төленген.

Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте «БЖЗҚ» АҚ Өңірлік желіні дамыту және ілеспе қызмет көрсету департаментінің директоры Мамила Құрманжанқызы айтты.

Мамила Мұсабекованың айтуынша, «БЖЗҚ» АҚ мемлекеттік акциялар пакеті Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруында. Ұлттық Банк зейнетақы активтерін Ұлттық Қорды Басқару кеңесімен бірлесе басқарады. Салымшылардың зейнетақы жарналары тәуекел-кірістілік балансын мүлтіксіз сақтай отырып, диверсификация негізінде түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады. Активтердің қырық пайыздан астамы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына орналастырылады. Қалғандары – инвесдекларацияға сай еліміздің, сондай-ақ шетел аумағында – квазимемлекеттік ұйымдардың, екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздарына, корпоративтік облигацияларға және басқа да қаржы құралдары сынды ірі инвестициялық бағыттарға орналастырылады.

Салымшылар мемлекеттік кепілдік бойынша төлемге құқықты зейнет жасына жеткенде алады. Сондай-ақ мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, І және ІІ топтағы мүгедектер, Қазақстан аумағынан тұрақты тұруға кеткен тұлғалар, МЗЖ, МКЗЖ аударып отырған шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар, мемлекеттік кепілдік бойынша төлемге құқығы бар тұлға қайтыс болғанда, мұрагерлер ала алады,-деп айтып өтті ол өз сөзінде.

Мемлекеттен кепілдік бойынша төлемді алу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығына өтінішпен жүгіну қажет. Мемлекеттік кепілдік сомасының есебі әзірленген әдістеме бойынша әр өтініш білдірген тұлғаға жеке есептеледі. Айырма (мемлекеттік кепілдік) төлемі біржолғы төлемді білдіреді және инфляция деңгейімен нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары сомасы және зейнетақы төлемдеріне құқықты алу сәтіне БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары (жарналар + инвестициялық табыс) сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. Егер жинақ сомасы инфляция ескерілген жарналар сомасынан асып түссе, онда мемлекеттік кепілдік төленбейді.

2017 жылдың ішінде қазақстандық зейнеткерлерге мемлекеттік кепілдік ретінде 12,8 млрд. теңге төленген болатын. Мұндай кепілдіктер дамыған елдерде де көзделмегендігін ескерсек, көптеген сарапшылар қазақтандық жүйені озық және әділ деп есептейді, - деп сөзін қорытындылады Мамила Құрманжанқызы.

Алматы қаласында 600-ден астам кәсіпорын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады.

Департамент директорының ақпаратынша, Алматы – еліміздің ірі мегаполисі. Бұл жерде Қазақстанның барлық ЖІӨ-сінің бесінші бөлігі өндіріледі. Бұл ретте, Алматы қала тұрғындарын ғана емес, жақын жатқан аудандардың да тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.

Алматы қаласындағы филиал (01.01.2018 ж.) барлық шарт түрі бойынша 1,7 млн бірлікке жуық ЖЗШ-ға қызмет көрсетеді, олар бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы – 1,54 трлн. теңге, ал МЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының орташа сомасы – 908 216 теңге.

Алматы қаласының 600-ден астам кәсіпорны міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) аударады, МКЗЖ бойынша жинақтардың жалпы сомасы – 5,2 млрд теңге немесе ҚР-дағы МКЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміне 3,6 %.

Оның үстіне, 5,7 мың адамның ерікті зейнетақы жарналары бойынша шоты бар. Алматы үлесі – сан бойынша 16,1 % және ҚР ерікті зейнетақы жарналарының сомасы бойынша 14,4 %,-деп атап өтті ол.

2017 жыл үшін Алматы қ. барып қызмет көрсету бөлімінің мамандары 1900-дан астам тұсау кесерлер өткізді, оған 62,5 мың адам қатысты. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында тұсау кесерлер саны 445 құрады (13 000-ға жуық адам қатысты), бұл осыған ұқсас кезеңнің көрсеткішінен 7,6 есеге артық.

Тұсау кесер кезінде кәсіпорын қызметкерлері қызықтыратын сауалдарына жауаптар алып, дербес деректерін жаңарта алады және өз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы біле алады.

Барып қызмет көрсету бөлімі қызметінің басқа да маңызды бағытының бірі Қор кеңсесіне өздері келе алмайтын мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету болып табылады. 2017 жылы 2409 салымшыға (алушыға) қызмет көрсетілді, - деп сөзін түйіндеді департамент директоры Мамила Мұсабекова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір