• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:24:55
Алматы
+35°

informburo.kz 2016 жылда қазақстандықтардың үмітін ақтай алмай, дау-дамайға іліккен адамдардың тізімін жасады, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

Олимпиада даулары

Биылғы жылы барша жұртшылықтың назарына ілігіп, спорт жанашырларының көңілін қалдырған жәйт – еліміздің олимпиада жүлдегерлерінің алған медальдарынан қағылғандығы.

Халықаралық олимпиада комитеті Қазақстандық спортшылардың 14 медалын допинг қолданды деген айыппен тартып алды.

Ауыр атлетика бойынша олимпиада чемпионы атағын 2016 жылы  Рио-де-Жанейродағы олимпиадада жеңіске жеткен Ниджат Рагимов қана сақтап қалды.

23 қарашада белгілі болғандай, ХОҚ  Бейжің мен Лондон олимпиадасында жеңіске жеткен Илья Илинді екі алтын медалынан айырған. Ауыр атлет спортшысы өз жүлделерін қайтаруға келіскен.

Бірнеше ай бұрын Халықаралық олимпиада комитеті Светлана Подобедова, Мая Манеза және Зульфия Чиншанлоның жеңістерін де жоққа шығарған, олардың да себебі – допинг.

ЭКСПО басқа қырынан

Халықаралық ЭКСПО көрмесінің ашылуы Астана қаласында 2017 жылдың жазына жоспарланып отыр. Фантастикалық туындының орталығы – үлкен әйнек шар. Алайда, ЭКСПО-ның айналасында шыққан дау-дамайлардың кесірінен халық  мұндай керемет туындыға тамсана алмайды.

«Астана ЭКСПО-2017» АҚ көрмесінің басшысы Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот, сонымен қатар, оны «Құрмет» орденіне лайықсыз деп тапты. Талғат Ермегияевті 10,4 млрд теңге жымқырып, оның 4,2 млрд теңгесін өз қалтасына басты  деп айыптаған.

Мұғалімнің ісі

Қарағандыдағы Юри Пак атты физика пәні мұғалімімен болған жәйт бүкіл елді дүрліктірді. Қазақстандықтар қылмыскер болып сот залында отырып террорист деп айыпталған интеллигентті, сабырлы еркек жайлы жаңалықтардың бірін де өткізбей көрген. Халық оны кінәсіз деп ойлаған. Алайда, сот отырысында Юрий Пактың 2015 жылдың 14 сәуірінде Қарағандыдағы ОӘД мекемесіне «мина» қойғандығын анықталды. Оның телефонынан қоңырау шалынып, бір еркектің бомбаны жару ниеті бар екендігін айтқан. Қарағандылық мұғалімді екі жылға бас бостандығынан айырған.

Спорттағы жәйт

Қазақстандықтардың көңілін түсірген жағдайдың бірі – Василий Левит атты боксердің Олимпиада чемпионы ата алмай қалғандығы. Ресейлік спортшы Евгений Тищенко мен Қазақстандық Василий Левитпен болған жекпе-жектің қорытындысы 3:0 есебімен Ресей боксерінің жеңісімен аяқталған. Алайда, бұл нәтиже  Қазақстандық боксердің де, ресейлік бокс жанашырларының да жағасын ұстатты. Екі елдің жанашырлары да Левитті соттады деп шешім шығарған.

Шахтёрлар оқиғасы

«Арселор Миттал Теміртау» басшылығы 2016 жылдың басында-ақ жалақы мәселесін айтып  шахтёрлардың көңілін қалдырған болатын. Қаңтар айының соңында Теміртау метталургиялық комбинатыны шахтёрлары «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның бас директоры Виджай Махадевадан хат алған. Өз сөзінде комбинат басшысы жұмыс қорытындысы жайлы мәлімдеп, жұмысшыларға жалақыны толықтай төлей алмайтындығын жеткізген.

Дөрекі сөз

Қапшағайдың экс-әкімі дөрекі сөзімен халықтың, нақтырақ айтқанда, халық көшбасшысының біреуінің көңілін қалдырды. Тұрғындармен бірге Сатжан Кәкімовпен кездесуге келген бір жас жігіт әкімнің тарапынан өзіне айтылған дөрекі сөзден көңілі қалған, әсіресе, оған «сен» деп сөйлегені ұнамай қалыпты. Жас жігіт әкіммен болған әңгімені видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге таратып жіберген. Бұл жағдай әкімнің қызметіне айтарлықтай кесірін тигізіп, 27 қыркүйек күні Сатжан Кәкімов лауазымынан айырылған.

Тым жылдам жеңіс

Ешқашан жеңілмейтін бокс кумирі Генадий Головкиннің өзі келер жылда қазақстандықтардың сенімін ақтай алмауы мүмкін екендігін айтқан.

Еліміздегі бокс жанкүйерлері Геннадий мен Доминик Уэйдтің жекпе-жегін үш ай бойы күтіп, отындасымыздың жекпе-жекте тым жылдам жеңіске жеткендігі халықтың көңілін түсірді. Головкин алғашкы секундтарда-ақ американдық боксшыны «өлтіре» бастаған, екінші раундтың жартысына жетпей қарсыласы үшінші  рет нокаудқа түсті. Доминик Уэйд әрі қарай жекпе-жекті жалғастырғысы келмей, сол жерден қайтты. Бұл әрекетімен американдық спортшы ақша төлеп отырған отандастырыныңған емес, сонымен қатар барша бокс әлеміндегі адамдардың көңілін қалдырды.

Сұлу қыздардың  білім деңгейі

«Мисс Қазақстан-2016» байқауының қатысушылары әділ қазылар алқасын өздерінің білім деңгейлерін көрсетіп, көңілін қалдырды. Мысалы, Алматы қаласының қатысушысы Лүлжан Давлетова өз отбасынан бойына сіңіруі тиіс кейбір қазақтың ұлттық  дәстүрлері жайлы сұраққа мардымды жауап бере алмады.

«25 мамыр күні біз отбасымызбен үнемі аттракциондар саябағына баратынбыз немесе бұл күні барлығымыз бірге болатынбыз. Ата-анам жұмысбасты адамдар болғанына қарамастан барлық бос уақыттарын маған арнайтын. Болашақта мұндай махаббатты мен де өз балаларыма бергім келеді», - деп жауап берді.

Жүргізуші Динара Сатжан қызды дұрыс бағытқа бұрғысы келіп еді, алайда оның қолынан келмеді.

Келер жылдан көп жаңалық күтеміз, алайда көңілге тиерлік іс-әрекеттер аз болады деп сенеміз.

Аударған: Назерке Лабихан

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір