• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:09:56
Алматы
+35°

24 Сәуір, 2019 NEWS

2 пайыздық ипотекамен баспана алғыңыз келсе...

Бұл туралы Парламент мәжілісінің жалпы отырысында белгілі болды.

Көпбалалы отбасыларға баспананы 2-3 пайыздық несиемен беру шаралары мамырда басталады. Бұл туралы Парламент мәжілісінің жалпы отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпараттың дерегін негізге алып. 

«Елбасы көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту үшін Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы жылдық 2-3 пайызбен тұрғын үй қарызын берудің жеңілдетілген тетігін әзірлеуді де тапсырды. Осыған байланысты жылдық екі пайызбен баспана қарызын алу үшін қандай шарттар көзделген? Сонымен көпбалалы отьасылар үшін жеңілдікті тұрғын үй қарызын беру қашан басталады?», - деп сұрады депутат Бақытбек Смағұл. 

Өз кезегінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Жұбаниязова қазіргі уақытты бұл мәселенің қаржылық негіздемесі жасалғанын атап өтті. 

«Қазіргі таңда ол экономикалық сараптамадан өтіп жатыр. Содан кейін қайтадан мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына енгіземіз. Ұлттық экономика министрлігі мақұлдағаннан кейін, барлық тиісті құжаттарды рәсімдейміз», - деді ол. 

Ж. Жұбаниязованың айтуынша, әкімдіктер тізімде тұрғандар аясында көпбалалы аналардың және де мүгедек балалары бар отбасылардың екі пайыздық несиеге баспана алу мүмкіндігі бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жолдама береді

«Сол жолдама бойынша осы отбасылар біздің банктен несие алу мүмкіндігіне ие болады. Біздің ойымызша, мамыр айының аяғына таман несие беруді бастаймыз», - деді ол. 

Айта кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға 2 проценттік ипотека беру мәселесін қарыстыруды тапсырған болатын. Аталған несие нақты үш категорияға берілуі керек. Олар - көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар отбасылар.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір