• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:44:54
Алматы
+35°

Оралда 2 апта бұрын жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірім табылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Полиция қызметкерлері жасөспірімді 8-наурызда достарының үйінен тапқан. 

"8-наурызда сағат 18:00-ге таман ұлымды полиция қызметкерлері тапты. Ұлым дін аман. Ол Зачагандағы достарының үйінде болыпты. Мүмкін ол өзін ересек ретінде сезінген шығар, бізге ескертпеген. Біздің арамызда ұрыс-керіс болмады. Не себепті үйден кетіп қалғанын сұраған едім, үндемеді. Бұл жағдай тағы да қайталанбас үшін мен баламды психологқа апарамын. Іздестіру жұмыстарына атсалысқан адамдарға және полиция қызметкерлеріне алғыс айтамын", - дейді 16 жастағы жасөспірімнің анасы. 

Еске сала кетейік, 24 ақпан күні Михаил Марченко үйінен шығып, қайта оралмаған. Жасөспірімнің анасы ұлының жоғалғанын әлеуметтік желіге жазып, құқық қорғау органдарына хабарлаған.  

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір