• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:55:44
Алматы
+35°

28 Қыркүйек, 2018 Әдебиет

1994 жылы түсірілген ерекше видео табылды

Бейнежазбада жыр додасында өлеңдерін оқыған 25 ақынның бейнесі бар.

Сәкеннің 100 жылдығына арналған мүшәйраның бейнежазбасы табылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sakenmuseum.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Сәкен Сейфуллин

Белгілі қазақ ақыны Жеңіс Қашқыновтың баласы, аудармашы, журналист Ернат Қашқынов Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдығына арналған Республикалық мүшәйраның бейнежазбасын Сәкен Сейфуллин музейіне әкеліп тапсырды. Бұл бейнетаспа Жеңіс ақынның жеке мұрағатынан табылған. Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдығына арналған Республикалық мүшәйра Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының орталығы Атасуда 1994 жылы ұйымдастырылған.

Сәкен Сейфуллин музейінің директоры, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  Несіпбек Айтұлы бейнетаспаны ерекше қуанышпен қабылдап, рухани мәні зор құнды дүниені музейге табыс еткен Ернат Қашқыновқа шексіз алғысын білдірді. Бейнежазбада жыр додасында өлеңдерін оқыған 25 ақынның бейнесі бар. Зырлаған уақытта тұрлау бар ма десеңізші. Содан бері ширек ғасыр өтті. Сондағы жыр додаға қатысқан Ғафу Қайырбеков, Асқар Егеубаев, Кәкімбек Салықов, Жеңіс Қашқынов қатарлы ақындар бүгінде бақилық болған. Рухани қазынаға және әкеден қалған мұраға жауапкершілікпен қарайтын Ернат Қашқыновтың еңбегіне ел риза болары анық. Өткен тарихтың куәсіндей болған аталмыш бейнетаспа алдағы уақытта ел кәдесіне жарары сөзсыз.

Алаш Тұрсынәлі

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір