• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 23:22:08
Алматы
+35°

09 Қазан, 2017 NEWS

1983 жылы 26 қыркүйекте үшінші дүниежүзілік соғыс өрті тұтануы мүмкін еді

Кезекші офицер ядролық соғыстың алдын алып, әлемді үшінші дүниежүзілік соғыстан құтқарған

1983 жылдың 26 қыркүйегінде үшінші дүниежүзілік соғыс өрті тұтануы әбден мүмкін еді. Алайда, кезекші офицер ядролық соғыстың алдын алып, әлемді үшінші дүниежүзілік соғыстан құтқарған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

1983 жылдың 26 қыркүйегінде Мәскеудегі ескерту бөлімшесінің біріне АҚШ-тан ракета ұшырылғаны жайлы хабар түскен. Кейіннен КСРО АҚШ-қа қарсы соққы жасауы керек болатын. Ал, бұл – үшінші дүниежүзілік соғыс – ядролық соғыстың бастамасы еді.

Үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын алған – кезекші офицер Станислав Петров болды. Деректерге сәйкес, ол АҚШ-қа қарсы шабуылды ұйымдастыруы қажет болған. Алайда Петров мәселені басқаша шешуді көздеді, ол жүйеде бір ақау пайда болғандығын түсініп, АҚШ-тың ешқандай да ракеталық соққы жасамағандығын мәлімдеген. Үкімет коммуникациялары арқылы Петров жалған ақпарат жайында хабар берген. Белгілі болғандай, датчиктер күн сәулесінің әсерінен іске қосылып кеткен екен. Бұл оқиғаны мемлекет құпия сақтауды жөн көріп, елге айтпаған.

1984 жылы Станислав Петров отставкаға шығып, Фрязина қаласында тұрған. Сол уақыттарда Петровтың жағдайы нашарлап, күн көрісі төмендеп кеткен. Ол жайында Батыс елдері 1990 жылдың соңына қарай біле бастады.

2006 жылы БҰҰ-на оны «Ядролық соғысты тоқтатқан адам» деп атап, 2013 жылы ол қомақты қаржы көлемінде сыйақыға ие болды. 1983 жылы орын алған оқиға желісімен «Әлемді құтқарған адам» деп аталатын фильм түсірілді.

Станислав Петров адамдармен көп араласпайтын, көп сұхбаттар бере бермейтін адам болған. 2017 жылдың мамыр айында ол Фрязина қаласында көз жұмған және оның өлімі елеусіз қалды. Тек қыркүйек айында ғана оның өлімі жайында неміс басылымдары хабарлаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір