• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:12:13
Алматы
+35°

08 Қаңтар, 2019 Әлем

18 жастағы Рахаф Могомед әл-Кунун Ислам дінінен бас тартқан. Ол өз еліне оралғысы жоқ, себебі  отбасы мен туысқандарынан қорқады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-тың дерегін негізге алып.  Егер елге қайтатын болса, оны өлім жазасы күтіп тұрғанын мәлімдеп, тайландтық шекарашыларды сендірді.

Рахаф Кувейтте өзінің отбасымен бірге демалып жүреді. Алайда ол осы демалысты пайдаланып, Австралияға қашып кетпекші болған. Кувейттегі демалысқа бармас бұрын Рахаф австралиялық визаны алып қойған. Кувейттен Таиланд арқылы Австралияға қашып кетуді жоспарлады. Алайда Таиландқа келген кезде Сауд Арабия елшілігінің қызметкері Рахафтың төлқұжатын алдап тартып алады. Кейін әлгі қызметкер Рахафқа бұл сапарды жалғастыруға ата-анасы қарсы екенін, Кувейтке қайту керектігін айтқан. Осы кезде Рахаф шетелдік журналистерге хабарласқан.

Рахаф

Араға біраз уақыт салып Тайланд билігі келіссөз өткізіп, 18 жастағы қызды туған еліне жібермейтінін хабарлады. Кейін Рахаф БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттік өкілдерімен бірге аэропорттан кетіп қалады. 

BBC газетіне берген сұхбатында Рахаф ислам дінінен бас тартқанын, егер үйге оралса, оны тек өлім күтіп тұрғанын айтып, көмек сұрайды. Айта кетсек, Сауд Арабиясында ислам дінінен бас тарту өліммен жазалануы мүмкін.

-«Олар мені өлтіреді. Менің өмірім - қыл үстінде. Ата-анам мені өз қолымен өлтіруге дайын. Менің оқығанымды қаламайды, өлтіретінін айтып, қорқытып жатыр. Ата-анам көлік жүргізуге де, саяхаттауға да тыйым салды. Мен қарапайым адамдар секілді өз қалауымша өмір сүргім келеді. Өз өмірімді, жұмысымды жақсы көремін. Бірақ менің отбасым маған күн бермей келеді»,— дейді Рахаф.

Сондай-ақ 18 жастағы Рахаф Канада, АҚШ, Австралия және Ұлыбритания елдерінен босқын мәртебесін беруді сұрады.

Human Rights Watch ұйымының мәліметінше, Таиландтың заңгерлері Рахафты депортациялауға тыйым салуды сұрап, арыз жазған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір