• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 22:56:00
Алматы
+35°

19 Маусым, 2017 Әлеумет

17 жастағы жігіт 31 жастағы көңілдесін босандырып, әке атанды (ФОТО)

Британия еліндегі 31 жастағы әйел өз көңілдесінен бала тапқан. Қазіргі заманда бұл да жаңалық па дерсіз?! Алайда оның көңілдесі 17 жастағы жасөпірім екен....

Британия еліндегі 31 жастағы әйел өз көңілдесінен бала тапқан. Қазіргі заманда бұл да жаңалық па дерсіз?! Алайда оның көңілдесі 17 жастағы жасөпірім екен. Әлемде осындай сорақылықтар орын алуда. Аталған сұмдық оқиғаға ұқсас жағдайлар батыс елдерінде көбейіп жатыр.  Бұл қоғамға әсерін тигізетін өте қауіпті жағдай.

Джек пен Кэтрин ғаламтор арқылы танысқан. Кэтриннің айтуы бойынша,  Джек өзінің әке болғанына бақытты екен. Жігіт болашақ әйелінің өзінен 2 есе үлкен екеніне еш қысылмайтын көрінеді. Тіпті ол Кэтринді өзі босандырып алған.

Олар алғаш рет танысқан кезде Джек 16 жаста болған. Сосын 7 айдан кейін Кэтриннің аяғы ауыр екені белгілі болып, қарым-қатынастары одан сайын нығая түскен.

Сонымен бірге Кэтриннің 13 жастағы және 5 жастағы екі баласы бар екен. Олар қазір барлығы бірге бір үйде тұрып жатыр. Ал Джек болса өз сүйіктісінің қасында болуы үшін мектептен шығып кеткен.

Кэтриннің толғағы аяқ астынан келіпті. Дәрігерлер үйге келіп үлгермегендіктен, Джекке телефон арқылы не істеу  керектігін айтып отырған. Джек дәрігердің айтқанын орындап әйелін өз қолымен босандырыпты. Кэтрин жатын бөлмеде босанған екен. Қазір Джек өз әрекетін мақтан тұтады. 

Аударған: Сабина Рамазан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір