• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:10:43
Алматы
+35°

10 Тамыз, 2017 Саясат

17 мемлекет Венесуэланың «Конституцияық ассамблеясын» сынға алды

Перудегі Лима қаласында өткен кездесу барысында Венесуэладағы «демократиялық тәртіптің құлағаны» талқыланды.

Оңтүстік және Солтүстік Американың 17 мемлекеті Венесуэла «Конституцияық ассамблеясын» мойындаудан бас тартты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы жаңа аймақтық блоктың Сыртқы істер министрлері бірлескен отырысында хабарланды. Олардың қатарына Канада, Бразилия, Аргентина, Мексика, Чили, Колумбия, Перу мемлекеттері енеді.

Перудегі Лима қаласында өткен кездесу барысында Венесуэладағы «демократиялық тәртіптің құлағаны» талқыланды.

Пресс-конференцияның қорытындысында Перу СІМ басшысы Рикардо Луна Венесуэла президенті Николас Мадуроның жүйесін диктатура деп санады.

Мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Венесуэладағы әлеуметтік-экономикалық дағдарысты ескеріп, Мадуроның жақтастарының бастауымен құрылған «Конституциялық ассамблеяны» президенттің өкіметті заңсыз тартып алуы деп бағалады.

8 тамызда Венесуэланың Каракас қаласында өткен кездесуде Николас Мадуроны ALBA аймақтық тобы қолдаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір