• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:56:14
Алматы
+35°

05 Мамыр, 2017 Әлеумет

15-ші қабаттан секірген қыз неше түрлі дыбыс естіген

15-ші қабаттан секіру арқылы өз-өзіне қол жұмсаған 16 жастағы бойжеткеннің оқиғасы бойынша жаңа деректер пайда болды деп хабарлайды

15-ші қабаттан секіру арқылы өз-өзіне қол жұмсаған 16 жастағы бойжеткеннің оқиғасы бойынша жаңа деректер пайда болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Today.kz-ке сілтеме жасай отырып. Қыздың анасы Елена Спирина аталмыш оқиға бойынша тілшіге сұхбат беріпті.  

Анасының айтуы бойынша, қызы колледжге оқуға түсіп, аспазшы болуды армандаған екен.

«Қызымның тірі қалғанын қалаймын. Басқа ештеңе керек емес. Төсекке таңылса да аман қалғанын қалаймын. Мені қазір жан сақтау бөліміне кіргізбеуде. Қызымда стресс болмас үшін. Ол есін жиғанда мені және әкесін аузына алыпты. Әзірге қызымның жағдайы ауыр» деді байғұс ана.

Елена Спиринаға полиция мәлімдегендей, қыз суицидке барар алдында хат жазған екен. Алайда полициядағылар ол хатты анасына көрсетуден бас тартып отыр. «Сіз зардап шегуші емессің, бар болғаны куәгерсіз» депті олар. Қызының жанына не нәрсе қатты батқанын білгісі келген ана ең құрығанда хаттың ауызша мазмұнын естісем ғой деп армандайды. «Оны не толғандырғанын білсем, оған көмектесер едім. Хаттың мазмұнын менен не үшін жасырып отыр?» дейді Елена.

«Мына бір жайттың назарға алынғанын қалаймын. Қызым соңғы кезде құлағына бір әуен келіп жүргенін айтқан болатын. Физика сабағы кезінде куратор қызымның басын салбыратып отырғанын байқап, тұруын өтінген. Қызым партадан түре келіп, мұғаліміне қараса, мұғалім оның көзіне реп оқып тұрған болып көрінген. Неге олай болғанын түсінбедім. Шынымен де, ғаламтор адамның миын улап тастайды ма... әлде бұл жерде махаббатың да қатысы бар ма...білмедім. Дегенмен мектеп психологына көрінші деп кеңес айтқанмын. Мектеп психологы болса, қызымның жанайқайына құлақ түрмей, психдиспансерге көрінсейші деп келеке еткен. Балаға мұндай қарым-қатынас жасауға болады ма? Маған неге ескертпеді?» деп күйінеді қыздың шешесі.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір