• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:16:46
Алматы
+35°

19 Шілде, 2017 NEWS

14 жастағы Стивен Хокинг мүгедек балаларға көмек көрсетпек

Ол бұл туралы ЭКСПО көрмесіндегі Швейцария павильонында өткен «Адамзат кітапханасы іс-шарасы барысында айтты.

Атақты Стивен Хокингтің тараздық ізбасары 14 жастағы Исаак Мустопуло мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсететін «Индиго» жобасын іске асыруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

Ол бұл туралы ЭКСПО көрмесіндегі Швейцария павильонында өткен «Адамзат кітапханасы» атты
іс-шара барысында айтты. «Арнайы сыныптар ашу - бұл біздің стиліміз емес. Егер біз оқшаулана беретін болсақ, онда  жағдайды  одан әрі қиындататын боламыз. Егер біздің қоғам мүгедек адамдар туралы пікірін өзгертетін болса, бізде дамыған басқа елдерден кем емес жүйе қалыптасады. Ең жақын досым мені өзімен тең дәрежеде көреді. Басқалар да сондай болғанын қалаймын. Мені Назарбаев университетінен басқа бірде-бір ЖОО оқуға қабылдамайтындығын жақсы білемін. Сондықтан да мен «Индиго» атты маңызды жобаны жасап жатырмын. Қазір педагогика мамандары арасында іріктеу жүргізілуде кейін олар тьютор болып жұмыс жасайды», - деді Исаак Мустопуло.

Айта кететін болсақ, тьютор ағылшын тілінен аударғанда ерекше педагогикалық лауазым деген мағынаны білдіреді.

«Тьютор - ол педагогикалық білімі бар өзін-өзі оқытқан адамдар.  Бізде семинарлар, тренингтер болады. Тьютор үйге келіп көмек көрсетпейді, ол балаға түсініксіз болған кезде ғана көмекке шақырылады. Сөйтіп ол балалардың өзін дамытып, қоғамға бейімделуіне атсалысады. Мен осы жобаның жүзеге асыруына бар күшімді саламын», - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ дарынды тараздық Кембридж университетінің профессоры, ағылшынның атақты ғалымы Стивен Хокингпен  күзде кездесетіндігі жайлы айтты. Еске сала кетейік, сал ауруына шалдыққан Исаак Тараз қаласындағы №13 мектепте оқиды. Бірақ, сырқатына қарамастан ол 2015 жылы оқушылар арасындағы ұлттық инновациялар конкурсының арнайы сыйлығына ие болды. Содан бері Исаакты Қазақстанның түкпір-түкпірі, тіпті, шенеуніктер де танып, біле бастады. Сол кезде Инвестициялар және даму министрлігін басқарған Әсет Исекешев те Исаакпен танысып, онымен түскен суретін бүкіл әлеуметтік желіге таратқан болатын.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір